Өлең, жыр, ақындар

Әке қазасына айтылған көңіл

  • 29.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3191
Келіп ем, шақырған соң Сары жаққа,
Көрмеген ағайынды танымаққа.
Қадірлі болыс қайтыс болған екен,
Әуелі дұға оқыдым аруаққа.
Бір Алла ақыретін жарылқасын,
Жалғанда жасап өтті бар уақта.
Арман жоқ, бұл кісіде деп ойлаймын,
Артында қызыр шалып бағы жатса.
Асқар тау, талды ормандай көлеңкесі,
Ойласаң келін-балаң сағынад та.
Кезіккен ақ өлімі абиырлы,
Адамға өлім де сын жаны басқа.
Уақытқа риза болу керек,
Күн бітсе қарамайды кәрі-жасқа.
Жігіттер жақсы мейман жасап отыр,
Сый осы, келсеңіз деп әр уақта.
Әзіл сөз, қақпа қалжың, шертпе күй бар,
Осындай азаматты сағынад та.
Жан жасап, көңіл толқып отырғанда,
Ойға сөз өзі оралып табылад та.
Әкеме жақсы жоқтау үйретсе деп,
Ажардың айтқанының мәні басқа.
Байқаймын, қабырғасы қайысып тұр,
Болмайды оны біліп танымасқа.
Ұшырған тәрбиелеп балапаны,
Амал жоқ, айрылды жаны басқа.
Көзіне басқа адам көрінбейді,
Қуаты, орны бөлек, жөні басқа.
Айнадай көз алдыңа келтіремін,
Тәңірдің түннен түгел таңы атса.
Әңгіме айтар сөзден басталған жоқ,
Көп ісін көрмеген соң дабыратпа.
Көкеңе рақымет сонда айтарсың,
Сөзімнің қол-аяққа бәрі жақса.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ саусақ, қима бел

  • 0
  • 0

Айт десеңіз айтайын ей, айдай он бес,
Асауынан үйреткен тайдай өнбес.
Ақ саусақ, қима бел,
Сағынсаң, сәулем, мұнда кел.

Толық

Алқарай-гөк

  • 0
  • 0

Дария ағып жатқан суда мін жоқ,
Қайуан өлдім дерге малда тіл жоқ.
Құрбылар тіршілікте ойна да күл,
Бұл дәурен екі айналып келмегі жоқ.

Толық

Жан қалқатай

  • 0
  • 0

Дәйім менің мінгенім көгілдірік, көгілдірік,
Көк дөненге жарасар өмілдірік-ай.
Жерің шалғай кеткенде құрбыластар, құрбыластар,
Осы әніме сала жүр төгілдіріп-ай.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар