Өлең, жыр, ақындар

Өлім шыққан жерге көңіл айту

  • 29.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2833
...Қайғының бір қиялы түсті ойға,
Жайылды шымырлатып өне бойға.
Адамзаттың басына іс түспесе,
Адамға сөз келе ме бекер жайға.
Ажал тура келіпті қоймауына,
Қара жер алып кірді қойнауына.
Ата-баба асылдың бәрін жалмап,
Қара жер қанша алса да тоймауында.
Адам ата, Хауа ана—түп анамыз.
Жалғанды бүйтіп жүріп жұбатамыз.
Содан бізге қалыпты мирас болып,
Өлгенге көңіл айтып жұбатамыз.
Көп ойласам, қайғының бірі менде,
Заман ақыр аулымда осы күнде.
Екі асылым көзімнен бұлбұл ұшып,
Қошын айтып жөнелді дүниеге.
Ағекем алдымыздағы асқар белім,
Анамыз—сусындаған шалқар көлім.
Жатсам-тұрсам ойымнан бір кетпейді,
Ақтамадың ақ сүт пен маңдай терді.
Ел-жұртқа, қадірлі еді қауымына,
Аға мен үлкен-кіші бауырына.
Ақылшы, алдындағы кемесі еді,
Өзінің батып кетті ауылына.
Дегенмен ажал бізді аңдып тұрмас,
Өмірге келген жанмен тегіс сырлас.
Қалғаның береке мен бірлікті қос,
Ақылсыз алжығаның түкке тұрмас...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ахау, иә

  • 0
  • 0

Замандас, құр қажыма қиял ойлап,
Ой түбі бір терең сай кетсе бойлап.
«Сары алтын сабыр түбі» деген сөз бар,
Сабырлық ақырында бәрін жоймақ.

Толық

Қара құр

  • 0
  • 0

Салайын қаршығамды қара құрға,
Түседі жақсы жігіт қалың нұрға.
Көзіңде жастық, мастық әуестеніп,
Құрбылар, көрінгенге көңіл бұрма.

Толық

Жекей сал

  • 0
  • 0

Біздің қыстау берік тас Қызыл биік,
Бауырында ойнаған біз бір биік.
Сен есіме түскенде, Жекей салым,
Екі стакан май іштім, ішім күйіп.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар