Өлең, жыр, ақындар

Жылқы ішінде дөнен кер

  • 29.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1843
Жылқы ішінде дөнен кер,
Ақылы мол кемеңгер.
Кемеңгер атадан айрылдым,
Қалайша жылайды демеңдер.
Ағайын-туған кеп жатыр,
«Жыламаңдар» деп жатыр.
Кемеңгер атадан айрылып,
Ішімді қайғы жеп жатыр.
Алтынды ердің қасы едің,
Ағынды судың тасы едің.
Жыламайын десем де,
Бір ауылдың басы едің.
Дүние жидың етектеп,
Өсірдің жастай жетектеп.
Есімде менің бар ма еді,
Сіз айрылып кетед деп?
Ана бір таудың киесін,
Жайылып жатқан түйесін.
Салулы төсек, салқын үй,
Қиды екен қайтып иесін!
Өзеннің бойын қар алған,
Сай-салаға таралған.
Артыңда қалған өңкей жас,
Ақыл таппай сандалған.
Алдымда асқар бел едің,
Ақылы дәрия кен едің.
Ақылшы болған ауылға,
Бәрімізге тең едің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыздың әні (5 нұсқа)

  • 0
  • 0

Қызды жан деп, құдайым-ау, жаратады,
Қара шашын қайырып-ау, таратады.
Әлпештеген біреудің-ау баласы едім,
Қандай жанның қолына-ау қаратады.

Толық

Ескі ән (4-нұсқа)

  • 0
  • 0

Астымда атым мінген Бозойнақ-ты, Ахау!
Жиылып бүгін түнде қыз ойнапты.
Ішінде ойнағанның өзім жоқпын, Ахау!
Орнынан тауып алдым жез оймақты.

Толық

Керім-ау,айдай

  • 0
  • 0

Көк ала үйрек ұшады көлге қарсы
Жануардың ұясы желге қарсы.
Сағынғанның белгісі сол емес пе,
Орамалға тамады көздің жасы.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар