Өлең, жыр, ақындар

Келіннің атасын жоқтауы

  • 29.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4958
Аспаннан ұшқан самұрық,
Жұлдыздай кетті-ау ағылып.
Айрылман деген атам-ай,
Айрылып қалдым не қылып?!
Мінгенде атым бурыл тай,
Алтын қазық сурылды-ай.
Атекем сені ойласам,
Амалым менің қурылды-ай.
Айналайын атам-ай!
Ықылас берген батаң-ай.
Осынша сізді қинайтын,
Жоқ еді ғой қатаң-ай.
Атекем сізді силағам,
Шын жүректен қимағам.
Арқан соғып, арық қазғанда,
Шыбын жанды қинаған.
Асқар таудай биігім,
Жаралы болған киігім.
Жазықсыздан мерт болдың,
Түгемес іштен күйігім.
Көлде жүзген ақ балық,
Торға түсті-ау алданып.
Біз жыламай кім жылар,
Артыңда қалдық зарланып.
Дауысым шықты-ау талығып,
Бізді кетті налы қып.
Жүректің шерін ағытам,
Атаекем сізді сағынып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сақина

  • 0
  • 0

Сақина аузыңдағы қалайы ма,
Деген соң бәрі күміс алайын да.
Өлеңді бір-екі ауыз айта салып,
Сақина аузыңдағы алайын ба?

Толық

Ай-Ай, бөпем

  • 0
  • 0

Ауылым көшіп барады алмалыға,
Кім көнбейді тағдырдың салғанына.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Ата-анамның хабарын алмағалы.

Толық

Келіншек (2 нұсқа)

  • 0
  • 0

Қан түссе аяғына ат сүріншек,
Келгенде жиырма беске қыз еріншек.
Ой, келіншек, жеңеше-ай,
Атпен желме, ой, ги-гәй.

Толық

Қарап көріңіз