Өлең, жыр, ақындар

Тұрсынғалиды келіні Қалиманың жоқтауы

  • 29.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1555
Айналайын ағайын,
Мұңымды айтып шағайын.
Ағекем кетіп арманда,
Дерттенді көңіл сарайым.
Ағекем, ақыл сәулетің,
Тойтарушы едің жау бетін.
«Ер намысы—ел ісі»
Деуші едің аға, дәулетім.
Жайраңдап жүрген күн қайда?
Тас жүрек тағдыр мұндай ма?
Ағеке, сізді ойласам,
Көз жасым менің тоқтай ма?
Әділет еді сөз басы,
Ағекем еді ол басы.
Істерің ізгі арман боп,
Төгілді көптің көз жасы.
Ел сұлтаны арысы-ай,
Жүректің тоқтап тынғаны-ай.
Жұрт үшін еді бар ісі,
Бәйтерек құлап сынғаны-ай.
Көкекке тоғыз дүйсенбі,
Қайғы бір бізді еңсерді.
Дос қайғыдан бүгіліп,
Жұрт күйзеліп теңселді.
Қыран еді көктегі,
Аққу еді көлдегі.
Артында қалған інісі,
Көлдетіп жасын шөлдеді.
Алтын ерден қас кетті,
Елімізден бас кетті.
Орындалмай арманы,
Ағекем менің жас кетті.
Ақеділ едің, жайдары,
Ақылдың едің қайнары.
Қайсар, қайтпас мінезің,
Халқымның еді айбары.
Жамандыққа баспадың,
Халқыңды алға бастадың.
Береке-бірлік ұйтқысы ең,
Ырысын елдің шашпадың.
Жан ағам еді тиянақ,
Қиыннан шыққан қиялап.
Әлсіз бен жесір, ғарыпқа,
Бақ болған, пана, сая бақ.
Қуларды жақсы демеген,
Ой толғап әділ өреден.
Тосыннан келген сұм ажал,
Рақымсыз едің не деген?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалқатай

  • 0
  • 0

Қалқатай, құлағың сал мына сөзге-ау,
Жоқ еді бөтен жұмыс-ай көңілімізде-ай.
Қат-қабат осы сөзбен болып кетті,
Аяғын құп білерсіз өзіңіз де.

Толық

Еркем-ай (1 нұсқа)

  • 0
  • 0

Адамнан артық ажар, ақыл айлаң,
Ажары ақ бетіңнің асқан айдан.
Адасқан аққу құстай болдым асық,
Айдындай ақ төсіме асылшы, айнам,

Толық

Аттары-ай

  • 0
  • 0

Шаттықпенен тасқындап,
Еңбек табын,
Мәдениет таңның жанды шамы.
Игау-гай.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер