Өлең, жыр, ақындар

Апасын жоқтау

  • 30.08.2019
  • 0
  • 1
  • 56922
Алдым биік, артым жар
Айналарға жерім тар.
Сағынғанда, жан апа,
Бір көруге болдым зар.
Жирен де аттың қасқасы-ай,
Сыдырып өрген таспасы-ай.
Айрылдым сенен, жан апа,
Шығарда жанның басқасы-ай.
Аспанда ұшқан құмайды-ай,
Құмай да бойын сылайды-ай.
Артыңда қалған балалар,
Апалап кімге жылайды-ай?!
Есіктің алды шие еді-ай,
Шиеге жеңім тиеді-ай.
Апам еске түскенде,
Ішім от боп күйеді-ай.
Ақ үйге жапқан үзігім,
Қолыма салған жүзігім.
Жалғаннан көрген балаңның
Көрмей кеттің қызығын.
Арғымақ келер ағылып,
Жібектен арқан тағылып.
Әлпештеген апам-ау,
Артыңда қалдым сағынып.
Қара бір тау көрінген,
Көрінсе көңіл бөлінген.
Шешесі жоқ біз байқұс,
Зарлап бір өттік өмірден.
Қара бір таудың алысы-ай,
Сылдырап өскен қамысы-ай.
Әлі есімнен кетпейді.
Жайлы апамның дауысы-ай.
Қой айдадым серкелеп,
Жүк жинадым көрпелеп.
Әлпештеген апажан,
Кімге жүрем еркелеп?
Сорлы боп тудым басымнан,
Қалмаппын өліп жасымнан.
Сағынып апа, жүргенше,
Шықпады-ау орын қасыңнан.
Қара бір тау көрінер,
Көрінсе көңіл бөлінер.
Апам еске түскенде,
Көзімнің жасы төгілер.



Пікірлер (1)

Сабыр

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Естірту, тоқтау, көңіл айту

  • 0
  • 1

Аққу ұшып көлге кетті,
Ақ сұңқар ұшып шөлге кетті.
Ол адасып кеткен жоқ,
Бәріміз баратын жерге кетті.

Толық

Әридәм

  • 0
  • 0

Алдында есігімнің ну қарағай,
Жанбайды отқа салсам қу қарағай.
Әридәм, ә-ри-дәм-ай.
Жылжыған бәйге атындай жиырма бес,

Толық

Назқоңыр (1 нұсқа)

  • 0
  • 0

Көзімнің жанарындай сәулем едің,
Көңілімнің қуанышты дәурені едің.
Кетпейсің күндіз естен, түнде түстен,
Басымды не сыйқырмен әуреледің.

Толық

Қарап көріңіз