Өлең, жыр, ақындар

Малшы мен маса

  • Bain
  • 28.04.2015
  • 1
  • 11
  • 39851
Бір Малшы көлеңкеге келіп жатып,
Қасқырдан иттеріне сеніп жатып,
Үстінде көк шалғынның,
самал жерде тырайып қалды
сабаз ұйықтап қатып.
Келеді қара жылан шағайын деп,
Қапысын ұйықтағанда табайын деп.
Малшыны сол уақытта Маса шақты,
Оятып, бұл бәледен қағайын деп.
Ұйқысын Малшы оңды ашпай тұрып,
Өлтірді шағып тұрған Масаны ұрып.
Көтеріп жерден басын біраздан соң,
Қарады жан-жағына мойнын бұрып.
Жыланды көрген шақта малшы өкінді,
Достығын Сарымасаның сонда ұғып.
Сөзімнің сөкпеңіздер шолақтығын,
Демеңдер сөз жазуға олақтығым.
Жыланды Малшы көріп болғаннан соң,
Келмеді бір-біріне жолатқызғым.

* * *
Мысалы қазақ - малшы ұйықтап жатққан,
Жыланды бәле делік аңдып баққан.
Оның түрін көрген мен - Сарымаса,
Халықты оянсын деп сөзбен шаққан.
Ойлаймын осы сөз де жетеді деп,
Қатты айтсам, сөзім батып кетеді деп,
Ұйқысы ашылмаған жұрт өзімді,
Қорқамын, Сарымасадай етеді деп.



Пікірлер (11)

Диас

Кушты екен

таншолпан

өте жаксы адамдарды тәрбиелейді

Мадина

Ахмет Байтурсынулы ойын накты али сенимди жеткизген.

Сырым

Мағынасы терең, маған ұнады

Асел

Менің пікірім осы ахмет ағамызда силап оны іздер отыры оқығандар молодец ко ше

Сымбат

Өте керемет

назерке

Ахмет Байтұрсынұлы ағамыз бізге масса өлені арқылы бізді оқуға білім алуға шақырды өте керемкт

Алия

Керемет

Дидар

Акыры Аxмет атамызды расымен сарымасадай етті гой (((( кайран казак елім

Керемет оте керемет магынасы терен жазылган окыган

Керемет оте керемет екен магына оте терен окыган адам гана бул оленнин магынасын тусинеди осындай данышпан аталарымыздын болганына мактанамын барлык баледен аулак болайык агайын атамыздын миы сиякты ми берсин биздерге???? логика кайда жатыр десенишши бир масаны алды да мысал жазды керемет

МадиярАнуарулы

Оте керемет олен

Пікір қалдырыңыз

Қайыршы мен Қыдыр

  • 1
  • 1

Қайыршы киімі жыртық, жалаң аяқ,
Мойнында ескі дорба, қолда таяқ,
Қалада қайыр сұрап жүруші еді,
Күн көріп бергенімен әркім аяп.

Толық

Қасқыр мен мысық

  • 2
  • 2

Орманнан Қасқыр келді елге қашып,
Алақтап, не қыларын білмей сасып.
Соңынан бір топ аңшы қиқу салып,
Ит қосып келе жатыр шапқыласып.

Толық

Туысыма

  • 1
  • 2

Болармын нағып ырза туысыма?
Туыппын таршылықтың уысында.
Шамам жоқ жан-жағыма қол сөзарлық,
Тар көрдің тығылғандай қуысына.

Толық

Қарап көріңіз