Өлең, жыр, ақындар

Сары шымшық

  • Bain
  • 28.04.2015
  • 1
  • 1
  • 43804
Мақтанып сары Шымшық шалқып-тасты,
«Теңізді өртеймін!» деп лақап шашты.
У-шу боп, бұл хабарды естіген соң,
Теңізді тастап, құстар үркіп қашты.
Таң қалып, «тамашаны көреміз» деп,
Алыстан андар келді әдейі іздеп.
Адам да түс-тұс жақтан келе жатыр
Лек-лек боп, топ-тобымен мыңдап, жүздеп.
Есепсіз теңізге көп халық келді,
Шымшық «теңіз өртейд!» деп нанып келді.
Балық жеп, сорпа ішіп тойынбаққа,
Аш пенен көбінесе арық келді.
«Бір соғым пұлсыз астан» дейтіндер де
Қасығын қолдарына алып келді.
Үңіліп, суда болып назарлары,
Сыйып тұр жағалауға азар бәрі.
Теңізді жанады деп кім естіген?
Көрмекте соны жұрттың ынтызары.
Сары Шымшық мақтанды ма, ойнады ма,
Кім білсін, күйдірем деп ойлады ма?
Теңізге от салғанмен, жана қоймас,
Десеңші: «Тым болмаса, қайнады ма?».
Ол теңіз, күймек түгіл, қайнаған жоқ,
«Жұрт неге келді» деп те ойлаған жоқ.
«Қап, бәлем, тоқтай тұр!» - деп Шымшық қайтты,
Теңізге тісін басып қайраған боп.

* * *
Кейбіреу қолдан келмес істі ойлайды,
Мақсаты оныменен тұс болмайды.
«Ұялған тек тұрмайды» деген рас,
«Қап, бәлем, тоқтай тұрмен» жұртты алдайды.



Пікірлер (1)

Хаби Құралай

Өте жақсы мысал екен

Пікір қалдырыңыз

Сөз иесінен

  • 1
  • 3

Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса:
Өзіне біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен қара, яки қызыл маса.

Толық

Шал мен ажал

  • 1
  • 3

Орманнан бір шал қайтты отын алып,
Бүкшеңдеп, көтере алмай, өліп-талып.
Отынын жерге қойып, біразырақ
Қисайып жатты байғұс ойға қалып:

Толық

И. Б. жездем хатынан

  • 0
  • 2

Тұрмысың жырақ,
Аман ба, шырақ!
Күйзеліпсің көбірек,
Милләт үшін бегірек.

Толық

Қарап көріңіз