сайыс
ozgetil.kz

Адамдық диқаншысы

  • kz2015
  • 23.03.2015
  • 1
  • 23
  • 18622
Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарым екі аяқты,
Адамдық хайуанға қанша қажет?!
Жаратқан малды Құдай не керекке-
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.
Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,
Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?
Есептен алданғандай болғандар көп,
Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.

Басқа да өлеңдері

Туысыма

  • 1
  • 0

Болармын нағып ырза туысыма?
Туыппын таршылықтың уысында.
Шамам жоқ жан-жағыма қол сөзарлық,
Тар көрдің тығылғандай қуысына.

Толық

Қарға мен түлкі

  • 1
  • 0

Бір түйір ірімшікті тауып алып,
Ағашқа Қарға қонды ұшып барып.
Тоқ санап ірімшікті көңіліне,
Жей қоймай, отыр еді ойға қалып.

Толық

Иттің достығы

  • 1
  • 1

Бір байдың Төрткөз, Мойнақ төбеттері,
Өздері, ит болса да, әдепті еді.
Түнде үріп, күндіз үрмей, жай жатататын
Болады әдепті иттің әдеттері.

Толық

Пікірлер (23)

динара

күшті

Жанар

Керемет!!!!

Гүлназ

Адамдық диқаншысы деген кім?Адам аты керек болып тұр

Ернар

Маган осы сайт унады

мухамедияр

неге олен адамдык диканшысы деп аталган

Асёка

Менің ойымша «Адамдық диқаншысы» деген ол еңбек адамдарды оқуға,еңбектенуге шақырып отыр.

енлік

мына өлең мені тебіреткендей болды Ахмет Байтұрсынұлы нағыз Адамдық диқаншысы

Асылжан

өте керемет!!!!!!!!!
♥♥♥♥♥♥♥♥♥♥♥

Алтынай

Оте керемет олен.Маган катты унады

Аяулым

Бұл өлеңде А. Б. өзі ғана білімді бола тұрып басқа адамдардың білімді болғанын қалады

Аяулым

Маған бұл өлең қатты ұнады.

Аяулым

Маған қатты ұнады.❤

Жақсылық Аяулым

Бұлардың бәрі маған пайдасын тигізді

Аигүл

Мағынасы өте керемет екен

айсара

бұлөлең катты ұнады❤

Марал

Неге А.Б озин адамдык диканшысы деп атайды?

Альбина

Сбебі А.Б ұстаз болған

ТҰРАР

Неге А.Б.ӨЗІН АДАМДЫҚ ДИҚАНШЫСЫ ДЕП АТАДЫ?

лаура

Еңбекке шақырып отырған сияқты

смыбат

маған бұл өлең қатты ұнады. Ахмет Байтұрсынұлы значит бізді еңбекке шақырып отыр.

Зарина

Катты унады

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)