Эссе және өлең-жыр байқауы

Өмір

Қиын, ауыр жолдардан тұратын - өмір.
Қызығы тола болатын - өмір.
Сонау жерден көтеріп келіп,
Жерге қайтадан ұратын - өмір.
Жаныңды сенің қинайтын - өмір.
Есіңді қайтадан жинайтын - өмір.
Жаңбыр астында жылатып қойып,
Кемпірқосақты сыйлайтын - өмір.
Барлығы да болатын - өмір.
Қызыл гүлің солатын - өмір.
Жүгіріп келіп , құлап қалсаң да,
Қол ұшын беріп тұратын өмір.
Талай адам кететін - өмір.
Талай адам келетін - өмір.
Қажымұқандай мықты болсаң да,
Сені бәрібір жеңетін - өмір.
Бар жақсыны беретін - өмір.
Әр жақты да көретін - өмір.
Бұл өміріміз қандай болса да,
Махаббатпенен сүйетін - өмір!


Басқа да өлеңдері



Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек міндетті түрде болу керек (тырнақшасыз) .
Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады. Қателіктер болмауы үшін нұсқаулықтармен танысып алыңыздар.

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...