Эссе және өлең-жыр байқауы

Қыз бала болғым келмейді менің...

Қыз бала болып жаратылғанмын,
Ақ анамнан дара туғанмын.
Кей сәттерді көріп көзбенен,
Қарауға ,тіпті , мен бата алмадым.
Қыз бала болғым келмейді менің,
Ата-анасын дара тұтпаған.
Төстен алып,беттен шауып,
Бетін тіктеп қарата алмаған.
Қыз бала болғым келмейді менің,
Ананың тілін алмаған.
Қыз бала болғым келмейді менің,
Әкенің бағын байлаған.
Қыз бала болғым келмейді менің,
Алланы ауызына алмаған.
Қыз бала болғым келмейді менің,
Тектілігі жоғалған.
Қыз бала болғым келмейді менің,
Пәктігінен айырылған.
Қыз бала болғым келмейді менің,
Әркімді сүйіп таңдаған.
Қыз бала болғым келмейді менің,
Арақпен дос боп қуарған.
Қыз бала болғым келмейді менің,
Темекіменен уланған.
Қыз бала болғым келмейді менің,
Ар-ұяты мүлде қалмаған.
Қыз бала болғым келмейді менің,
Көгінде туы құлаған.
Қыз бала болғым келмейді менің,
Өкініп күнде жылаған.
Қыз бала болғым келмейді менің,
Ақшаға тәнін сатқан.
Қыз бала болғым келмейді менің,
Жан-тәнін шайтан қаққан.
Қыз бала болғым келмейді менің,
Дискоклубтан шықпаған.
Қыз бала болғым келмейді менің,
Көшеде лаң боп қаңғыған.
Қыз бала болғым келмейді менің,
Еріне адал болмаған.
Қыз бала болғым келмейді менің,
Көшені терең бойлаған.
Қыз бала болғым келеді менің,
Жоқтан барды құраған.
Қыз бала болғым келеді менің,
Бала сүйіп жылаған.
Қыз бала болғым келеді менің,
Теріс жолға түспеген.
Қыз бала болғым келеді менің ,
Тура жолды көксеген.
Қыз бала болғым келеді менің,
Арақ-шарап ішпеген.
Қыз бала болғым келеді менің,
Әркімді бір сүймеген.
Қыз бала болғым келеді менің,
Жарасымды киінген.
Қыз бала болғым келеді менің ,
Адал еңбек істеген,
Қыз бала болғым келеді менің,
Арсыз іске бармаған.
Қыз бала болғым келеді менің,
Отбасы үшін,ері үшін-
Бар өмірін арнаған!

Басқа да өлеңдері



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...