Өлең, жыр, ақындар

Әке

Әкешім,ардақтым өмірде,
Оған тең ешкім жоқ тегінде.
Келешек күндерге жетелеп,
Кеудемді толтырған сенімге.
Әкешім-кені ол ақылдың,
Дәл сондай жүрекке жақын кім?
"Әке" деп,ән салсам әншімін.
"Әке" деп,жыр жазсам ақынмын.
Мен оған ,тіпті,тамсанам,
Ақылшы өзге жоқ маған.
Әрбір іске сабырмен
Қайырар жауап ол саған.
Қиындығыңды тайсалмай,
Шешеді әркез ол лезде.
Қуанышыңа ортақ боп,
Бала боп кетед(і) кей кезде.
Әкешім-жаным,жарығым,
Сіздей әке жоқ өзге.
Ойлап жүред(і) әрдайым,
Көңіл бөлед(і) әр сөзге.
Үйіміздің тірегі,
Отбасымыздың жүрегі.
Жүз жасаңыз әкешім-
Бақытты боп,жүр енді.
Әкешім-асқар тауым,
Болмасын сізде уайым.
Әрдайым күлімсіреп,
Жүріңіз әркез дәйім.
Тілейтін қызының жеңісін,
Қашанда ғажап жан мен үшін.
Еңбектен бой тартып көрмеген,
Әкемді сыйлайды елі шын.
Сезініп жылуын жанының,
Адалдық парызын таныдым.
Дәл менің әкемдей болса ғой,
Әкесі бәрінің,бәрінің!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз