Эссе және өлең-жыр байқауы

Анама!!!

Ана сізді сағындым, жылапта алам.
Сізді қайта бермейді ғой бірақ маған,
Жылдар салып араға жырақтаған
Сағынышсыз жаныма тұрақтаған.

Суреттегі мұң шағым бейнеңізге,
Неге тағдыр тым қатал неге бізге?...
Ерте сізден көз жазып қалсамда, ана
Апам отыр ешкімге "ей " дегізбей.

Ана сізді сағындым. Білесіз бе?
Мына өмір үйретті күресуге
Сіз кеткенде бесікте қалсамдағы
Мейір тұңған жанарың жүр есімде.

Жазған жазу осы ма маңдайыма?
Төзіп берем сынақтың қандайына
Өзім ерте қағылған ақ сүтіңнің
Дәмін сақтап келемін таңдайымда!...

Сізді ойлап сағынып мен келемін,
Сіз едіңіз өмірде ең керегім.
Жүзіңізді бір көрсем деген арман
Сәби ойда мен әлі тербелемін.

Анажаным, неге ерте жанып-өштің,
Бұл ғұмырдың осы ма мәні бес күн
Апам айтқан сіз жайлы естелікпен
Тек суретің арқылы танып өстім.

Өмір маған бердіңіз өрісте деп
Мен есейдім мінекей 17-ге кеп,
Суретіңе үйдегі шіркін, Ана
Жан салып берер ме еді періште кеп

Сізді іздеп түссемде құса мұңға
Қарсы тұрам тағдырдың күш ағынға
Өсіп келем Анашым, алаңдама
Аяулы ақ апамның құшағында...

Басқа да өлеңдері



Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек міндетті түрде болу керек (тырнақшасыз) .
Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады. Қателіктер болмауы үшін нұсқаулықтармен танысып алыңыздар. Автор деген жері бос қалып, авторы өзім деген белгі басылу керек.

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...