Өлең, жыр, ақындар

О дүние!

О дүние, қайда жылжып барады екен..
Келіп пенде, қайта кетіп барама екен?!
Жетім қылма, жылатпа деп адамды
Мың қайтара мен сұрадым Алла сенен

О дүние! Зұлымдықтың заманы ма?,
Жақсылықты жамандық кеп жамады ма?!
Менменсінер əрбір адам бұл заманда
Өзімшілдік көрге əкетіп барады да...

Іздедім мен жақсылықты таба алмадым,
Қояр ма екен бірін - бірі жиі алдауды?
Əдетке күрт айналды ма қазағымның
Жақсы жолдан тайдыратын көре алмау да?!

Өзгелерден биік санау өзінді-өзі,
Артық санау тағы да бар,əттең,шын бұл сөзім.
Бəріміз де құлымыз ғой Жаратқанның
Құдай-ау, көрмесе екен мұның бəрін менің көзім...



Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек тырнақшасыз болу керек. Кері жағдайда сайысқа түспейді.

Автор деген жері бос қалып, - авторы өзім - деген белгі басылу керек.

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Қателіктер болмауы үшін нұсқаулықтармен танысып алыңыздар.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз