Эссе және өлең-жыр байқауы

Жыр алыбы Жамбылым

Заман сырын жырлаған Жамбыл бабам,
Әз бабаның жырымен жаңғыр далам.
Әр айтқаны бабамның шыңға бастар,
Алыптардың соқпағы даңғыл маған.

Ұмытылған дарындар жүздеп өтті,
Домбыраның күмбірі бізге жетті.
Мақамыңнан айналдым қос ішегім,
Қасиетіңді сан ұрпақ іздеп өтті.

Мен әлемді ұққалы әлем мені,
Уақыт ,тарих бәрін де дәлелдеді
Шырылдаған ақиқат шындық қана,
Жамбылдайын ақынның жан өрнегі.


Басқа да өлеңдері

Өлең мен ақын

  • 0
  • 1

Өлең үшін, жүре алмаймын әдепті боп,
Өлең үшін,оқымаймын газетті көп.
Ойыма оралғанды түртіп өтем.
Тақырып іздеудің де қажеті жоқ.

Толық


Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек міндетті түрде болу керек (тырнақшасыз) .
Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады. Қателіктер болмауы үшін нұсқаулықтармен танысып алыңыздар. Автор деген жері бос қалып, авторы өзім деген белгі басылу керек.

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...