Өлең, жыр, ақындар

Есіңде ме еді сол күндер?

Балалық, шаттық мол күндер,
"Жаңа бір жасқа толдым", - дер.
Ұйықтаған бірге анаңмен,
Есіңде ме еді сол күндер?

Алғашқы парта, ақ бантик,
Есіңде ме еді ұстазың?
Есіңде ме еді бес жаста,
Алғаш рет қалам ұстауың?

Есіңде ме еді әпкеңмен,
Мектептен бірге қайтқаның?
Есіңде ме еді алғашқы,
Созбақтап сабақ айтқаның?!

Есіңде ме еді сол күндер,
"Махаббат, қызық мол күндер".
Есіңде ме еді сол күндер,
"Әпке, мен ғашық болдым", - дер.

Есіңде ме еді алғашқы,
Дана бір ойды естуің?
Күндерге айлар жалғасты,
Өмірдің алдың бестігін.

Есіңде ме еді мектеппен
Қоштасып, бәрін қимаған.
ҰБТ-деп тер төккен,
Есте ме күндер қинаған?

Есте емес, қалдыр жүрекке,
Өмірдің қимас шақтарын.
Төгіл ойларым күректеп,
Ақтарыл жүрек, ақтарыл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз