Эссе және өлең-жыр байқауы

Әкеее

Әке деген шуақты таң арайлы,
Әкелерден күннің нұры тарайды.
Әке деген асқар тау ғой тым биік,
Орман,көлім сұлу белім шұрайлы.

Әке деген анамыздың серігі,
Ар намыс пен адалдықтың сенімі.
Байқалсада түр әлпеттен қаталдық,
Аузын ашса көрінеді жүрегі.

Бар арманы баласының бақыты,
Немереге қарап өтер уақыты.
Уа ағайын кімнің болса әкесі,
Міне сол жан шын мәнінде бақытты.

Қорған болар бар балаға жан әке,
Аман жүрші арамызда ән әке.
Анашыммен жүзге жасың келсе екен.
Жүрегіңнен айналайын пәк әке.



Басқа да өлеңдері



Пікірлер (2)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек тырнақшасыз болу керек. Кері жағдайда сайысқа түспейді. Ілмектер үтір арқылы ажыратылады.

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Көркем

Тақырыбы қате ма?

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...