Эссе және өлең-жыр байқауы

Уақытша

Қараша...
Ақ қайың тоналды, солды гүл,
Қиқулап құс қайтып барады
Қайтпекпін, шерленіп толды мұң,
Тұз сеуіп қанатты жараны.

Жайдары жаз сынды жанарды,
Сап-сары сары күз басты кеп.
Жабырқау жайлады санамды,
Айналам ақ тұман, тас түнек.

Кеше жаз, бүгін күз, қыс ертең,
Бір шаттық, бір белес, тағы мұң.
Кезегін күтіп тұр гүл көктем,
Өмір - сыр, өмір - жыр, тағылым.

Пәниде дәрменсіз пендеміз,
Құдай деп жеңіске жетеміз.
Ақиқат, сеніңіз, сенбеңіз,
Мәңгілік бақиға кетеміз.

Шексіздік белгісі болғанмен,
Мәңгілік жүректер болмайды.
Бір күні бақыт кеп қонғанмен,
Бәрі де уақытша сол қайғы.

Тауларда мүгіліп таусылар,
Тауқымет шеккендей ғұмырдан.
Әлемде шын бақыт бар шығар,
Тайдырып алмасақ тұғырдан.

Қамықсаң қаймықпа, таңға асық!
Қуаныш келеді ақырын.
Бақ пен шер жүреді алмасып,
«Мәңгілік» жалғанға жат ұғым.


Басқа да өлеңдері



Пікірлер (1)

Модератор

Автор деген жері бос қалып, авторы өзім деген белгі басылу керек.

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады. Қателіктер болмауы үшін нұсқаулықтармен танысып алыңыздар.

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...