Эссе және өлең-жыр байқауы

"Қауырсын"


Ауылда өстім ,асыр салып күн кешкен,
Құшағында қозы-лақтың бірге өскен.
Бала болып талай мәрте қызықпен,
Ойнап жүріп от басып ек білместен.

Көктем кезі жылғалардан су өткен,
Көкте құстар бірі артынан бірі өткен .
Кіріп-шығып жүруші еді қораға,
Қарлығаш құс шыбын жаны шыр еткен.

Бұзық болдым көп ұяға қол сұққан,
Талай құстың үйін бұзып,қаңсытқан.
Мен балшықпен ойнаушы едім қарлығаш,
Ұя жасап алған екен балшықтан.

Қора жаққа кірдім мен де тығылып,
Жанарымнан байқалмады жылылық.
Балапанын көремін деп құлаттым,
Ұясына салып кеттім жүгіріп.

Келесі күн ұя іздедіп ерте кеп,
Бір аяныш жігерімді өртемек.
Қанаттары қатаймаған бір құсты,
Қанатынан қиған екем ертерек.

Бір жыл өтті барлығында түсіндім,
Өкінумен қынжылғаны-ай ішімнің.
Қайта барып сол ұяға қол сұқсам,
Қауырсынын сипап қалдым құсымның.

Оралмады құсым қайта бағынан,
Қалай ғана ол кінәдан арылам.
Енді келмес,келмейді де құс қайта,
Қауырсынын қолыма алып сағынам.

Басқа да өлеңдері

Абай рухына тағзым

  • 0
  • 3

Баланар інжу-маржан жыры асылға,
Ғаламға кең сермеген құлашында.
Бұрын соңды өзге ешкімнен табылмаған,
Абайдың қазына бар мұрасында.

Толық

"Шетелдегі қазақ балаларына"

  • 0
  • 1

Бұны ойлсам көңіл шіркін аһ ұрды,
Сөзін естіп,өзін көріп ақырғы.
Бар шамасы келгеніме өмірге ,
Қаншамасы шетелдерге сатылды.

Толық


Пікірлер (1)

Модератор

Автор деген жері бос қалып, авторы өзім деген белгі басылу керек.

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек (тырнақшасыз) болу керек .

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады. Қателіктер болмауы үшін нұсқаулықтармен танысып алыңыздар.

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...