Өлең, жыр, ақындар

Кешіріңізші.... демеймін!

Аспан мен жердің арасын басады мылқау сезімдер,
Қайтарып берші, жарқыным, қайтршы маған кезімді өр.
Қимылсыз қалдым қайтадан, салдым да көзді төменге,
Сенбесең өртті жүректің күйіне мән бер, өзің көр!
Күн менен айдың арасын толтырар тағы теңсіздік,
Сонан соң көңіл түсінен айырылар,басар өңсіздік.
Соқырға бітер өзгеше сезімтал сезім басып өн,
Қалмайды қиял қаламда,мендегі мынау,сенсіз түк.
Сиялы сия қаламдар,басады жерді қос-қостан,
Тиегі ағып кетеді,шабытың келер мың тосқан.
Сыйлайын өлең сый етіп,беретін өзге затым жоқ,
Тәңірдің мынау теңдігі,өлеңге сезім-дүр қосқан.

Сүйгеннен сұра жүректің ауырған жайы қандай-ды,
Күйгеннен басқа қолыңда амалың, жаным, қалмайды.
Кінәлі тірлік болды ау-ә?!
Ақтарыла салғаным...
Кешіріңізші деу үшін, кешіргін аузым бармайды.

Себебі, жанды алау өрт, қайтадан шарпып жалмайды....



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз