Өлең, жыр, ақындар

Сыйлық

  • 16.09.2019
  • 0
  • 1
  • 1685
- Сенің туған күнің, - деп,
Беске толдың бүгін, - деп.
Менің ағам Нұрғалы,
«Ойыншық-хоккей» сыйлады.
- Біліп алмай болмайды,
Бұны былай ойнайды, -
Деп дәлдеп кеп қақпаны,
Ал шайбаны атпады.
Ағай тағы көздеді,
Ал серігі төзбеді.
Ол кісі айтты:
- Егер сен
Торға шайба түсірсең.
Сонда қалай шыдар жан,
Шығасың ғой құмардан.
Нысанаға тимеді,
Ашулы ағай бүй деді:
- Сіз азырақ шыдағын!
Қазір қайта ұрамын.

2
Бұған анау көнбеді,
Өз кезегін бермеді.
- Қара да тұр, мен енді,
Көрсетейін өнерді.
Ұрып еді шайбаны,
Қақпаға доп бармады.
- Тағы да ойнап көрейік,
Жеңіліп не жеңейік.
Жеңбек ойы қалайда,
Білек түрді ағай да.
Торға шайба салмақшы,
Ойын қайта жалғасты...
Ештеңені ұқпадым,
Ойыннан мен сырт қалдым.
Бірі ұтылып, бірі ұтты,
Мені олар ұмытты.
Айтыңдаршы шындықты,
Кімге әкелген сыйлықты?



Пікірлер (1)

Кимадиева Айназ

Керемет бірақ дұрыс тақпақ бар ма?

Пікір қалдырыңыз

Әлі де жүр күтіп

  • 0
  • 0

Сыйлап ем Сараға,
Торда отырған бұлбұлды.
- Бой жазсын, - деп, далаға
Қоя берді бір күні.

Толық

Кешкі күн

  • 0
  • 0

Кешкі күн
Қонды тау басына.
Төкті нұр
Құзар шың басына.

Толық

Ұнатам күзді мен

  • 0
  • 1

Қарашы далаға,
Реңі сары ала.
Пісті алма албырап,
Сарғайды бал құрақ

Толық

Қарап көріңіз