Өлең, жыр, ақындар

Анашым

  • Aua
  • 16.09.2019
  • 0
  • 0
  • 1928
Адуынды болмауды,
Тек жақсыны ойлауды.
Үйреттің маған жан анам
Сенсің менің айшықты жасыл далам.

Өлең арнап жазды саған балашың,
Қараңызшы, қызыңызға анашым.
Анайы емес, абұйырлы, байыпты,
Қанша жақсы болғанымен алдыңызда айыпты.
Қарызының өтелмесін білгенімен,
Бар көңілмен сізге құшақ жайыпты.

Анашың сені қорғап, қолдайды,
Анашың сені ылғи ойлайды.
Анашыңмен жұлдыз болып жанасың,
Анашыңмен әрдайым мақтанасың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар