Эссе және өлең-жыр байқауы

Бір-ақ қадам

Бақыт құсты басына тұрақтаған
Бағалай бермейді ғой, бірақ та адам.
Бір демде бақытсыз боп қалу оңай
Қуаныштан қайғыға бір-ақ қадам!

Төзеді-ау талай қиын сынаққа адам,
Бұл тағдыр әлсіздерді ұнатпаған
Түк емес биігіңнен құлауың да
Жеңістен жеңіліске бір-ақ қадам!

Тірлік кешер күліп те, жылап та адам,
Кей кезде жақсылық та жырақтаған
Зымырандай зуылдап өте шығар
Өміріңнен өлімге бір-ақ қадам!

Қаншалық қалағанмен жұмақты адам,
Жеңіл емес жетер жол бірақ та оған.
Жәннатқа да тек ізгі жандар лайық
Адамдықтың ақ туын құлатпаған!






Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз автор деген жері бос қалу керек, - авторы өзім - деген белгі бар, соны басу керек басылу керек. Жазудың үстіне.

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...