Өлең, жыр, ақындар

Ардагерге

Ешқашан соғыс болмасын,
Көзімізге мөлтілдеп жас толмасын.
Өркендеп,дамып одан әрі еліміз
Өлкемізді Тәңірі өзі қолдасын!

Ұлы Жеңіс жалғасып әріге,
Мейірім нұры төгіліп тұрсын әр үйде.
Мұң баспасын балғындардың көңілін,
Тек бейбіт күн тілеймін мен бәріне!

Сұм соғыс жалмамасын елімді,
Қызыл бояу жаппаса екен жерімді.
Майданды еш уақытта болдыртпай,
Қарт жауынгер,ақтаймыз біз теріңді!

Титтей кірбің ұялатпай көңілге,
Гүл жайқалар соғыс көрген өңірде.
Біз жас ұрпақ түрлендіріп дүниені-
Жаңа леп сыйлайтын біз өмірге!



Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек.

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз