Эссе және өлең-жыр байқауы

Махамбетке арнау

Күрескердің бірі боп,
Бостандық үшін күрестің.
Айналаңда ірі көп,
Бәрін жиған үлестің.

Исатайдың жанында
Серігі болдың-батыры.
Жырыңды айттың жалынды,
Күрестің болдың ақыны.

Хан сұлтанға именбей,
Тұрар жерде тұр дестің.
Күштілерге иілмей,
Қылыш тілмен тілдестің.

Жырыңның күшті сарыны,
Жайықтай терең арыны,
Халық үшін күрестің
Құмын кезіп Нарынның!

Басқа да өлеңдері



Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек.

Егер авторы өзіңіз болсаңыз автор деген жері бос қалу керек, - авторы өзім - деген белгі бар, соны басу керек басылу керек. Жазудың үстіне.

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...