Өлең, жыр, ақындар

Қазақстаным

Қазақстан желекті жасыл орман,
Әрбір ұлттың мекені болдың қорған.
Астанадай жайқалған ордасы бар,
Бұл мекен адамзатқа арман болған.

Халқы бар терін төккен, еңбек еткен,
Құдайым шұғыласын төккен,көктен.
Қарасаң көз тоймайтын табиғатқа,
Кең еді жазирасы жерің неткен!

Табиғаттың тұнып тұрған сырлары бар,
Елі үшін жанын берген ұлдары бар.
Байлығы көп, тарихы мол бұл өлкеде,
Биік-биік таулар мен қырлары бар.

Ардақты елім өркендеп жаңарады,
Бақ жұлдызы жарқырап жанар әлі.
Қазағым қонақ жайлы болғандықтан,
Көп ұлтты мекен болып саналады.

Сақтыққа тұра алатын жас ұланы,
Халқы бар Отанына бас ұрады.
Ынтымақ бірлігіміз арта берсе,
Қазақстан елу елге қосылады.

Биікте қыран құстай қалықтайды,
Қазақ елім ештеңеден тарықпайды.
Нұрағам салып берген, нұрлы жолмен,
Көк аспанның көгінде шарықтайды.

Болашаққа қол созып,ертең дейді,
Көрген адам астананы көркем дейді.
Көк байрағым желбірейді көк аспанда,
Қазақ елім дамиды,өркендейді!



Пікірлер (1)

Жанерке

Өте жақсы өлендер

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз