Өлең, жыр, ақындар

Қасиетті ана тіл

Қасиетті ана тіл
Адаммын ана тілге бағынатын,
Ананың ақ сүтіндей табынатын.
Қазақпын,қазақ болып қала берем,
Өлседе ана тілін сағынатын.

Ана тілді асыраған анам деп біл,
Ана тілді бесіктегі балам деп біл.
Он ғасыр ана тілін жоғалтпаған,
Қазақты асқан дана бабам деп біл.

Тіл өзен құйылған кеп бұл арнаға,
Жұтамыз кәусарынан құмарлана.
Ағайын өзге тілді үйренсеңде,
Қасиетті ана тілді шұбарлама.

Тілімнің түп тамыры түркім бедің,
Ұлылықты ұлықтар ұлтым бедің.
Сүймейді қасиетті ана тілім,
Өзгенің өзгертуін,тілкімдеуін.

Сондықтан қастерлегің ана тілді,
Ана тілмен қатайтасың қанатыңды.
Тілді сақтап, дініңді дәріптесең,
Табасың жұмақ деген жәннатыңды.



Пікірлер (1)

Модератор

Ілмек тырнақшасыз болу керек.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз