Өлең, жыр, ақындар

Мұқағали Мақатаевқа арнау

Мұқағали Мақатаевқа арнау

Мұқағали поэзия ішінде,
Оқы-таны, үлкенің де, кішің де.
Өлеңімен қоса сыры жазылған,
Ғибрат алар оқып әсте түсінде.

Поэмасы «Аққулар ұйықтағанда»,
Құдіреті сезілмес ұқпағанға.
Сыртын шалма, жаныңмен ішіне ен,
Ойын ұғын бірақта бұқпаланба.

Ойға тоқы өлеңін, жазғандарын,
Шабытынан қамданып қазғандарын.
Бойға жина асылын, сен танып біл,
Жазғандарын, адамның азғандарын.

Түсіне біл айтқанын өмір жайлы,
Ұғынсаң жүрек қалай туламайды.
Айтылған Мұқағали жан сырлары,
Ойлардан ойларды кеп қуалайды.

Дүниеге Алтайдың бөктерінде,
Келген екен заманның көктемінде.
Кейін қайтпай, әкесі қаза тапты,
Бала еді, соғыстың өткелінде.

Өмірді, дүниені ойлайтұғын,
Алып ұшқан ойларды толғайтұғын.
Сонда сезді, бес күндік бұл өмірдің,
Әкенің... мәңгілікке болмайтынын...

Поэзия оның, жырласы, сырласы да,
Өзімен жасап келген жылдасы да.
Өмірге мәңгі ғашық, құштар болған,
Кім жетер Мұқағали тұлғасына?!!



Пікірлер (3)

Модератор

Ілмек тырнақшасыз болу керек.

Әсем

Мәссаған қандай керемет өлең. Өте мағыналы, маған қатты ұнады. Шабытыңыз шыңдала берсін! Жарайсыз!

Myrza

Өте керемет!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз