Өлең, жыр, ақындар

Қапалыға

Ешкімге айтпа,еш жанға айтпа сырыңды,
Қапалап болып біреуге шертпе мұңынды.
Айтарың болса қағазға жазда өртей сал,
Тыныштық етер бұл ісің бағар жаныңды.
Біреулер түлкі,біреулер әккі білемін,
Шыныңды жырлап,сырыңды ұрлап жүретін.
Бетіңе күлер,сыртыңнан үрер қулар бар,
Мән берме шырақ айтсында айтсын білгенін.
Деңгейің өссін,үндеме оған сабыр ет,
Түсіре берсін,биігін,сымақ керемет.
Бағыннан тайма,мөлдірін шайқа бұлақтың,
Тауданда асқар өзіңді-өзің асу ет.
(С) Еркебұлан Серімханұлы



Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек.

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз