Өлең, жыр, ақындар

Жанарыңа жан досым

Жылдар өтер ол да бір досым заңдылық.
Жадыңда қалар жасырылған сан күдік.
Жан досым менің 'жаным ау' деуге хақың жоқ,
Жанарсыз саған атарма екен таң күліп.
Арманда досым арманың шіркін алыста.
Адымдап жүріп аңғармай бастың шалысқа.
Асқарым досым тағдырың солай болғаны,
Алланың ісі түзетермін деп алыспа.
Назымен баурап әкетті балғын жүректі.
Нар тұлғаң бүгін бақытсыздықтан жүдепті.
Нағыз махаббат жүрегіне келіп түнепті.
Налуданда досым сезімдерің түлепті.
Аспаның ашық алдағы күнің армансыз.
Амалың барма таңдауың бірақ талғамсыз.
Адасып қалдың жалғазыңды таңдамай,
Алыста жүр жүрекке шоғын салған қыз.
Рас досым қиналарсың шыдарсың.
Реті келсе суреттіне қарап жыларсың.
Риясыз сүйсең сезіміне бөленіп,
Рахым ет деп Алладан көмек сұрарсың.
Жанарыңа жырымды досым арнадым.
Жабырқай берме жапырылмағын саңлағым.
Сүйдіңбе досым сүріне көрме жалғанда,
Сезімдеріңдегі сенімді ізден танбағын.



Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек.

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз