Өлең, жыр, ақындар

Қош бол, ұстаз

  • 01.10.2019
  • 0
  • 0
  • 1746
(белгілі ғалым, ақын Қабиболла Сыдиықұлы рухына)

Кешікті неге бүгін таң қылаңы?
Неліктен бозторғайдай зар қыламын.
Жан аға сен өлді деп естігенде,
Жүрегім парша-парша қан жылады.
Жан едің артық туған,асыл текті,
Маздаған жан сырыңа ғашық ек-ті.
Шалғайда жүргенменен,өр талантың,
Табынтып талайларды ақын етті.
Жылыойдың батқандай бір мұңға аспаны,
Түскендей аяққа жем, қырды аспадым.
Жан алла неге асықтың ажал сеуіп,
Көп еді жазар оның жыр-дастаны.
Қаралы бүгін Жылыой қырларыда,
Ащы өксік қосылғандай жырлары ма.
Жүруші ем арқа тұтып аға өзіңді,
Кім ақыл қосар енді сырларыма.
Қош ұстаз,қасиетті сары шалым,
Іні боп, соңыңа ерген нарышаңмын.
Туған жерге сағынып,жылда оралар,
Келмейсің-ау сені енді,ақсұңқарым.
Қош ұстаз,қош бол ұстаз,ғалым,ақын,
Талайлар жырыңды оқып табынатын.
Тарихтың терең сырын ұғатындар,
Мәңгілік өшірмейді ғалым атын.
Жем бойы, Ақкиіз бен Қарақұмым,
Күрсіне аза тұтты дала тұнып.
Жақсылар ерте өледі, неге дедім?
Көзімнен жоқтау жасы тама тұрып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұландар

  • 0
  • 0

Ұландар, қайдасыңдар?
Ұландар қайдасыңдар бірге жүрген,
Сабақты да бірге оқып, бірге күлген.
Бал татыған балалық артта қалып,

Толық

Ұстаздар

  • 0
  • 0

Жырлаймын ұстаздарды ұлағатты,
Кеудемде жұлдыз болып тұрар аты,
Сен өзі қай мектепте оқып ең деп,
Біреулер бәлки менен сұрап жатты.

Толық

Ұстазыма

  • 0
  • 0

Ұмытам ба, сонау жылды алғашқы,
Сонда жерді ерте қалың қар басты.
Тұңғыш рет көрдім ұстаз ағаны,
Содан бері жылдар жылмен жалғасты.

Толық

Қарап көріңіз