Өлең, жыр, ақындар

Ұлылардың ұлысы. Абай атамызға арналады

Ұлылардың ұлысы - Абай ата!

Қалам алып, өлең жазу ойымда
Бір қуат бар көрінбеген бойымда
Шабытым кеп, жыр жазуға бекіндім
Ұлы тұлға Абай атам жайында

Оқысаң Абай жолы шежіресін
Кітаптан басыңды алмай үңілесің
Жаныңды толғандырса тылсым дүние
Айта бер нені түйдің не білесің?!

Түйгенің көп ойыңды баурайды арман
Тосатындай сол күндер сені де алдан
Жас көңілің қайғы жеп толғанасың
Айыра алмай қайсы рас, қайсы жалған

Оқыдым да, білуге асық болдым
Арнасындай мұхиттың тасып толдым
Білген сайын атамның шығармасын
Өлеңіне, жырына ғашық болдым

Бар жырыңмен ұрпағыңды тербеттің
Қара сөзбен құйындаттың селдеттің
Қазақ елін тани алмай жүргенге
Өз тіліңде, Абайша сен сөйлеттің

Бар жырыңмен ұрпағыңды тербеттің
Қара сөзбен құйындаттың селдеттің
Қазақ елін тани алмай жүргенге
Өз тіліңде, Абайша сен сөйлеттің

Қазақ жері қасиетті, еңселі
Шыққан талай би-қазылар кешегі
Дана Абайдай дараларды әкелген
Ұлы дала мақтан етем мен сені

Абай атам арғымақтың дүлдүлі
Сөз маржанын тізген қазақ бұлбұлы
Біз болашақ ұрпағымыз атамның
Шығаратын даңқын елдің бір күні

Сол үшін де мақтанамын еліммен
Ұлан байтақ, қиырсыз кең жеріммен
Алдағы үш ел қатарына енеміз
Болашаққа деген үлкен сеніммен

Жырларымен шешен еткен тілсізді
Қара сөзбен ойға салған мұңсызды
Суретіңе қарап тұрсам тым ұзақ
Өз атама ұқсатамын мен сізді

Ұрпағымын өз борышын ақтаған
Көкірегім жырға толып шаттанам
Сынығымын баға жетпес асылдын
Туғаныма қазақ болып мақтанам



Пікірлер (3)

Көркем

Керемет! Сайысқа ма?

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек .

Dilnaz2006

ия сайысқа арналған өлең. Дұрыс салмадым ба?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз