Өлең, жыр, ақындар

Апам

  • 09.10.2019
  • 0
  • 0
  • 5494
Өз ақылым өзіме еш жақпады.
Сен ұрып тұрдың тағы кеш қақпаны.
Жақтырмай бір қарады дала жаққа,
Күйбеңдеп жүрген шешем пеш жақтағы.

Аспанда ай күледі, түнге емініп,
Қабаған қара ит жатты іргеде үріп.
Қызын біреу көтеріп ап кетердей,
Жатарда жатты шешем ілгек іліп.

Өзің жайлы ол бөлек өзектегі от,
Ал, анама айта алам не деп себеп.
«Анаңды алдай салсаң болмас па еді?»
Деп содан тілдеспедің сен өкпелеп.

Анамды алдау емес пе – Заманды алдау?
Өзімді алдау, елді алдау, даламды алдау!
Арадағы əдемі бір іңкəрлік,
Қаталдықтан сол күнгі қараң қалды-ау.

Кінəлауға сені де бармай тілім,
Айтылатын болды ақыр таудай шыным.
Білсең етті анасын алдаған қыз,
Күні ертең-ақ сені де алдайтынын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз