Эссе және өлең-жыр байқауы

Арман

Өмірімнің әрбір күнгі парағын,
Өз қолыммен өзім ғана жазамын.
Өшіргішпен түзелмейтін мазмұнын,
Өзге етер мына өзім ғанамын.
Дара болам десең көп-көп еңбектен,
Білім,тәртіп жиып бойға мектептен.
Табыспенен бақытыңның кілттерін,
Ізде дер ем «арман» атты есіктен.
Биік белес арманға қол созамын,
Көп армандап «қиялшыл» боп барамын.
Армандарды мақсатым деп танысам,
Толыққанды бақытты жан боламын.
Армандайды қарт та,үлкен,кіші де,
Нақты қадам жасамастан әлі де.
Армандаудан жарыс өтсе әлемде,
Бас жүлдені алар ма еді бәрі де?!
Жас түлектер армандайды грантты,
Жоғары балл ата-ананы қуантты.
Білім жимай,көше кезген шәкірттер,
Батыспенен солтүстікке құмартты.
Ата-анамыз армандайды біз жайлы,
Не істесе де бала қамын ойлайды.
«Кем болмасын» дейді балам өзгеден,
Үлкейсе де еркелетпей қоймайды.
Ата-әженің армандары тыныштық,
Қарт кісіге әрбір тыныш күн ыстық.
Жүректерді иман мекен қылар ма еді(і),
Әрбір кісі жасап жүрсе жомарттық.
Ілесуге мынау жылдам ғаламға,
Арман,мақсат,жігер керек адамға.
Үлгі алар арман қуған әрбір жас,
Айналамын «мотиватор» адамға.

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (2)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек.

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Нұрсая

Бұл бердібек соқпақбаевтың өлеңдері ме?

Пікір қалдырыңыз


Жүктелуде...