Өлең, жыр, ақындар

Сағыныш!

  • 12.10.2019
  • 0
  • 0
  • 3085
(100 жасаған Бәтима әжемнің рухына!)

Асау тайдай жүруші ем мен жасымда,
Аңғалым-ай, деуші еді анашым да.
Тал шыбықты ат қылып мініп алып,
Жарысушы ек, ауылда дос қасымда.

Қайран әжем, алаңдап іздеп келіп,
Құшақтайтын аялап «құртын» беріп.
Қолда қабы ақырын айтушы еді,
Жүр, Жәкешім келейік тезек теріп.

Белін жазып қараушы еді маған күліп,
Камзолына, жатушы ем басым тығып.
Мейіріммен, маңдайдан сипаушы еді,
Айтқан сөзді, «балапан» ал деп ұғып.

Шыққан тегің Арқада, «Қуандық» ботам,
Батыр болған, өжетті сенің атаң.
Өз әкең Бақыртанда жау жүректі,
Кеудесіне, «Қызыл жұлдыз», таққан Отан.

Аңғал болма, өмірде жігерлі бол,
Оқу-білім, тазалық, керегің сол.
Тер төгіп, еңбек етсең адал болып,
Болады, бұл өмірде ырзығың мол.

Жылдар өтті, атамын мен де бүгін,
Өмірдің арқаладым ауыр жүгін.
Сол жылдары, «Әжемнің» айтқан сөзін
Ұрпағыма жеткіздім мен де бүгін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алпысқа

  • 0
  • 0

Өтесің, алдамшы өмір, оны білем...
Тосқанмын келетінін күздің күрең.
Көңіл шіркін, орнында баяғыдай,
Ақ кірсе де самайға, мығым жүрем.

Толық

Наурызда

  • 0
  • 0

Ауылыма көшет тұрғыздым,
Ық болсын деп боранда.
Қасында тұрса жұлдызың
Айда уайым болар ма?

Толық

Жер ана!

  • 0
  • 0

272 миллион шаршы шақырым жеріміз бар,
Тоғызыншы орында төріміз бар.
Тау, теңіз аялаған кербез дала,
Бабалар ізі қалған өріміз бар.

Толық

Қарап көріңіз