Өлең, жыр, ақындар

Өлімді жиі есіңе ал!

Жазда қысты,көктемде тағы күзді аңса
Күпірлігіңнен қайтесің жүрек сызданса?
Уақытқа құлмыз,уақытша жүрміз...жалғанда
Өмірді мынау сүреміз дейсің біз қанша?

Жақынды жат де,өкпелет бәрін,өкпеле
Пендеге жақсы,жаманың да жетпеген
Тәубаға зар боп,әйтеуір бар боп жүргенде
Қамшыдан қысқа,өтеді жетпей көпке дем

Сүрінсең жатып,өмірден түңіл,түңілме
Бұлыңғыр ертең,шүкірсіз жетсең бүгінге
Өткенің сабақ,беретін жауап келер күн
Ақиқат-өлім,табады бізді түбінде

Бітері бітіп,пендеміз бәрін кеш ұғар
Қанағат болса, бірінің бірде несі бар?
Қараңғы тартып,қараймас үшін жүрегің
Бір сәтте келер өлімді жиі есіңе ал!
Ойладың ба?
Өзіңе нәпсі жау неге?
Жеңісің-жеміс,жеңілсең жанды әуреле
Болсын десең баянды екі дүниең
Алланың берген нығметіне тәубе де! (С) Абзал Алтый



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз