Өлең, жыр, ақындар

Мен өз қаламды не үшін сүйемін?

  • Sayat
  • 18.10.2019
  • 1
  • 0
  • 2812
Жезкиік сәні болған даласының,
Жезді өлке Жезқазғанның баласымын.
Жезқазған Отаныма беріп жатыр,
Қойнауынан шығатын бар асылын.

Жезқазған – кен байлығы шалқыған жер,
Қойнауында мыс тасы балқыған жер.
Қаныш аға жер байлығын зерттеп өтіп,
Есімі шартарапқа танылған жер.

Жезқазған – тарихы толысқан жер,
Тарихи тұлғалары тоғысқан жер.
Алаша хан, Домбауыл, Жошы хандар,
Ел күзетіп, жаулармен соғысқан жер.

Келдің міне алпыс беске әсем қалам,
Таң қалып, мойындаған күллі ғалам.
Құт дарыған қазақтың бабасынан,
Орын тепкен Сарыарқаның даласынан.

Жезқазғаным кең далам, ашық жүзді,
Өзіңе жыр шумағын тартам ізгі.
Алтыны боп әрқашан да көр қазақтың,
Гүлдене бер жайқалып, жайнап мәңгі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар