Өлең, жыр, ақындар

Балалық шақ

Еркеліктерден мөлдір көздерім нұрланып,
Өлең - өмірім қуаныштармен жырланып.
Қаннен қаперсіз, пәк көңілменен күлетін
Балалық шақтың күндері барад ұрланып.

Мен жүзіп келем "тағдыр теңізде" ырғалып,
Бал қолын бұлғап, балалық шағым тұр қалып.
Қимастықпенен жүзіп келемін,
әлі де
Балалық шаққа келсем ғой деймін бір барып.

Білемін, білем, заңы бұл жаратылыстың,
Кезегі келед өмірде жаңа тыныстың.
Жаңа тыныспен қиын-ау ауа жұтуым:
Балалық шаққа қайтуға сан рет тырыстым.

"Тілсіз суреттер" - балалық шақтың хаттарын
Қараған сайын кеземін бақыт бақтарын.
Аңғармаппыз-ау
ғаламның ғажап тынысын
Тәңірім өзі балалық шақта сақтарын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз