Өлең, жыр, ақындар

Ақ Махаббат

О Махаббат, ұғымың терең бе еді?
Әлде бір естімейтін керең бе едің?
Ес кетіп тұр алдыңда
Ғашық жүрек, елер ме едің?

Ақ Махаббат, сен әлде биік пе едің?
Жетем деп сол биікке жүріп келем
Қозы мен Баян Сұлу махаббатын
Ең биігі солардың деп білемін

Махаббат қос жүректің мекені ғой
Ақ Махаббат сол мекенді
пәк аттап өтеді ғой!
Тұрлаусыз, махаббатсыз келген жандар
Жете алмай сол мекенге кетеді ғой.
Авторы: Қуанбайұлы Еркінбек



Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек. Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз