Өлең, жыр, ақындар

Елім-ай

  • Bain
  • 29.04.2015
  • 1
  • 1
  • 18115
Ем таба алмай дертіңе мен ертеден,
Сол бір қайғың өзегімді өртеген.
Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден,
Еңсең неге түсті мұнша, елім-ай?
Өткен сағым, келер алдың бір мұнар,
Қызылшылсың қызарғанға тым құмар.
Сақтан деген сөзді жан жоқ шын ұғар,
Жемге шапқан, қармақ құрса, елім-ай!
Қандай едің, қара кейін қайырылып,
Қандай едің, тұрсың одан айрылып.
Мүгедек боп қос қанатың майрылып,
Өксіп жылап өгей ұлша, елім-ай!
Мұны құр бос өлең десең, өзің біл.
Жұрт болмаймын өлем десең, өзің біл.
He болса да көнем десең, өзің біл,
Босағада жүрген құлша, елім-ай!
Түзелесің қашан, жұртым, оңалып?
Тіл амасаң, кетпеймісің жоғалып?
Қайтер едің еткен дәурен оралып,
Жылы жүзбен мойнын бұрса, елім-ай?
Сол күніңді көрсем - менің арманым,
Жоқтамас ем өзге тілек қалғанын.
Сұм жүрегім селк етпейді жалғаның
Бұл мінезің бойда тұрса, елім-ай!



Пікірлер (1)

Аруна

Міржақып Дулатұлының Елім-ай өлеңі керемет

Пікір қалдырыңыз

Екі сұлуға

  • 1
  • 0

Ұйықтап жатып көрдім түс
Таңқалғандай бұл бір іс!
Серуен етіп аралда,
Жүреді екен екі құс.

Толық

Айырылу

  • 1
  • 0

Еріксіз айырғанда менен сені,
Тағдырдың қайтпақшы екен қанша кегі?
Мінезін құбылмалы рақымсыз
Басқасы көрсетуден бар ма, тегі?

Толық

Көкбайдың хаты

  • 0
  • 0

Өлеңмен мені біреу жамандаған,
Сөйтсе дағы ретін таба алмаған.
Әйтеуір жамандаудың жөні осы деп,
Анық кінә қоймаған, табандаған.

Толық

Қарап көріңіз