Өлең, жыр, ақындар

Достыма хат

  • 23.03.2015
  • 1
  • 5
  • 71953
Қырағы, қия жазбас сұңқарым-ай!
Қажымас қашық жолға тұлпарым-ай!
Үйілген өлексені өрге сүйреп,
Шығармақ қыр басына іңкәрің-ай!

Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр,
Түнерген төбемізден бұлт арылмай.
Көк етті, көн терілі, көніп қалған,
Сықса да шыдай беру, жұрт жарылмай.

Кім біліп, ер еңбегін сезіп жатыр,
Кім шыдап, жолдастыққа төзіп жатыр?
Сасық ми, салқын жүрек санасыздар
Алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр.

Сынайтын жақсы менен жаманды өлшеп,
Құлдықтың қолдарында көзі жатыр.
Кешегі кеңшілікте керек қылған
Бостандық болмаған соң, безіп жатыр.

Айтқанмен таусыла ма оны-мұны,
Талайдың таңдамалы түпкі сыры:
Жанасқан шын көңілмен жақындық аз -
Көбінің іші салқын, сырты-ақ жылы.

Ақшаға абыройын, арын сатып,
Азған жұрт, адамшылық қалмай сыны.
Жаны ашып, жақын үшін қайғырар ма
Жаны мал, жақыны мал, малдың құлы?!



Пікірлер (5)

сымбат

Барлыгы керемет олендер

Айерке

Ахмет атамыздын "Досыма хат " деген олени оте керемет! Сиздерге де осыны окуды кенес беремин!

Мади

Керемет өлеңдер үшін рахмет❤

Myrza

Өте керемет

Балнұр

Недеген керемет өлең ????
Сізді де оқуға шақырамын

Пікір қалдырыңыз

Кісі мен аю

  • 3
  • 7

Бір Адам айдалада елден жырақ,
Жеке-тақ, жапан түзді қылды тұрақ.
Жаяулық, жалаңаштық жақсы емес қой,
Жалғыздық олардан да қиынырақ.

Толық

Жиған-терген

  • 1
  • 3

Оюын ойып,
Орындап қойып,
Түр салғандай өрнекке,
Қиыннан қиып,

Толық

Қа... қаласына

  • 2
  • 2

Қош! Сау бол, Қа.... жуылмаған,
Айдай бер, қалса адамың қуылмаған.
Әдепті, сыпайы елдің қалпында жоқ
Жасырын дыбыс шықты шуылдаған.

Толық

Қарап көріңіз