Мен - мен едім, мен едім!

  • kz2015
  • 09.05.2015
  • 4
  • 47
  • 40567
Мен - мен едім, мен едім!
Мен Нарында жүргенде
Еңіреген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім?
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан билердің
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шақыртып,
Сұлтанын суға сұлатып,
Ханшасын қақпа алдында жылатып,
Ернін еттей тесісіп,
Кеңірдегін кесісіп,
Жыраға басын түсіріп,
Жылғадан қанын ағызып,
Басын кессем деп едім!

Еділдің бойы ен тоғай -
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім.
Еңсесі биік ақ орда -
Еріксіз кірсем деп едім.
Керегесін кескілеп,
Отын етсем деп едім.
Туырлығын тескілеп,
Тоқым етсем деп едім.
Тақта отырған хандардың
Төрде отырған ханымын
Қатын етсем деп едім.
Әлдилеген баласын
Жетім етсем деп едім.
Хан сусыны сары бал -
Сұраусыз ішсем деп едім.
Ханның киген кіреуке -
Үстіме кисем деп едім.
Қанікейдей көріктіңді
Қалыңсыз құшсам деп едім.
Тінікейдей тектіңді,
Ителгі көзін төңкертіп,
Күшіктей даусын қыңсытып,
Аш күзендей белін бүгілтіп,
Әділ жаннан түңілтіп,
Ат көтіне үңілтіп,
Артыма салсам деп едім.
Тілекті құдай бермеді -
Өздеріңдей хандарды
Осылай бір қылсам деп едім!

Мен - мен едім, мен едім!
Мен Нарында жүргенде
Еңіреген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Ерегіскен дұшпанға
Қызыл сырлы жебе едім.
Жақсыларға еп едім,
Жамандарға көп едім.
Ерегіскен дұшпанның
Екіталай болғанда
Азыққа етін жеп едім.
Хан баласы ақсүйек -
Ежелден табан аңдысқан
Ата дұшпан сен едің,
Ата жауың мен едім.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Етектен кесіп жең болмас!
Хан баласы ақсүйек -
Байеке сұлтан сен болып,
Сендей нарқоспақтың баласы,
Маған оңаша жерде жолықсаң,
Қайраңнан алған шабақтай
Қия бір соғып ас етсем,
Тамағыма қылқаның кетер демес ем

Басқа да өлеңдері

Соғыс

  • 0
  • 7

Әскер жиып аттандық,
Бекетай еді тұрағым.
Айғайлап жауға тигенде
«Ағатай беріш!» ұраным.

Толық

Кел, кетелік

  • 2
  • 5

Уа, Исаеке, Исаеке!
Кел, кетелік, кетелік,
Кетіп бір Жайық өтелік.
Атаның жұрты хазірет -

Толық

Қақақулап шақырмай

  • 0
  • 1

Қақақулап шақырмай,
Қанды көбік түкірмей.
Бұзбай құлан пісірмей,
Мұз үстіне от жақпай,

Толық

Пікірлер (47)

Алтын

Отежаксы

Мөлдір

Күшті жақсы жазған

Мөлдір

Күшті жақсы жазған

Мөлдір

Күшті сайт екен.

Анеля

Жаксы)))

Айжан

керемет

Мандат Айым

Магам бул сайт катты унайды.Бул сайт бурынгы акын композитер ага апкелеримиздин калдырган олендери.Кереметттттттттттттттттт

Акон

Ия өте жаксы сайт екен!

Набира

кушти жазылыпты

Нурик

ОНша емес

шугыла

маган катты керек еди рахметттттт коп-коп

Серик

Отец жаксы сайт, акындардын олендери кателиксиз жазылган

Олжас

Кереметтть

Нагзиа

Кушты

жанерке

оте жаксы

Кура

Куштиии... коп рахмет!!!

Гулден

Оте жаксы олен

лиза

өте керемет☺

Томирис

Оте жаксы

Томирис

Керемет

Назлы

Өте жақсы

Рахман Сатиев

Керемет

Айко

Керемет

Амина Адиш

Өте керемет маған қатты ұнады

Aruna

Керемет
Өте жақсы

Нурбол

Өте керемет

Ерекше Жан

Кушти рахмет коп-коп! !!!!!@

марал

Тамаша жазылган

Ерканат

Жаксы сайт екен

Еркош

Кушти сайт.Маган бул олен керек едыш

жасмин

оте керемет саит

Акбаян

Өте қатты ұнады)

айша

ҰЛЫ ЖҮЗ ДЕГЕН АТЫМ БАР
КІШІ ЖҮЗДІ ЖЕНЕТЫН ХАКІМ БАР
ҰЛЫ ЖҮЗДЕР ТЕК ҚАНА АЛҒА
ҚАЗАҚ АТЫН ШЫГАРУДАН ҚАЛМА

айша

Махамбетте атам бар
Мықты өзі дарынды
Айтып жүрем сені арқашан

Базар жок

Базар жок

Ерали

Оте жксы сайт маган унады

Асель

Керемет класс

Анелья

Осы өлеңді жаттап 1орын алауын сəттңлік

Ақбота

Керемет! Жақсы сайт екен, маған ұнады, көп-көп рахмет! ☺????

Дикоша

Бир созбен айтканда зын,зын,зын !!!

Олжас

Өте керемет екен!!!

Али

Алга алга

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)