Өлең, жыр, ақындар

Еркектер жыры

...Біздің тауда қанатына қаңғырған бір оқ тиіп,
Ата қыран ұясында тартып жатты көп күйік.
Кей кездері ызадан жарылардай
Дөңбекшіді ол қорлыққа бағына алмай.
Бала қыран күндікке тауды кезіп,
Жем тасыды ұяға жаны қалмай.
Ата қыран перзентінің қамқорлығын құп алып,
Шүкіршілік етті іштей қуанып.
Ол ойлады: "Ұзақ қайғы бола қоймас бұл аса,
Құлан таза сауығамын, тағы екі-үш ай шыдасам".
Бірақ бір күн бала қыран оған былай тіл қатты:
"Баға жетпес асылымсың, ардағымсың, қымбатты.
Әбден қажып сорладың-ау, жүдедің-ау тым қатты.
Есіме алсам баяғы шат күндеріңді еңселі,
Жаным жылап аяп кетем, аяп кетем мен сені!"
- Тоқтат! - деді ата қыран қалш-қалш етіп долданып,
Бекер жатқан екенмін ғой, ұлым бар деп малданып.
Көкірегін бір алапат ыза буып алды да,
Ұясының аузына әрең жүріп барды да,
Жан шошытар жалтыр құздан құлап өлді табанда
Қалқам!
Ерлік даңқы қанат жайған мына ұлы заманда
Мүсіркеу сөз есітуден өлім жеңіл маған да!!!



Пікірлер (5)

Серикхан

Осы ага кейн осы сиз сиякты оленди сойлететин акын болама екен билмедим. Бир окып ак жаттап аламыз ал казирги акындарды жуз окып минга конбайт.

Алдонгарова Мадина Қасымқызы Тараз қаласының тұрғы

Мұхтар аға ! Өлеңдеріңіз керемет . Ютубта менің жазған өлеңдерім бар . Соны тыңдап , сіз де өз пікіріңізді жазыңызшы . Сізге ұнамаса , алып тастаймын . Сіздің пікіріңіз ақылыңыз , мен үшін маңызды . Мадина .

Алдонгарова Мадина Қасымқызы Тараз қаласының тұрғы

Мұхтар аға " Сіздің өлеңдеріңіз керемет . Мен де жазамын . Ютубта бармын , бірақ ешкім тыңдамай ма ?пікір жазбайды . Сіз жазыңызшы , өтінемін. мен үшін өте маңызды . Фамилия , атымды жазссаңыз табасыз . Мадина

Жандос

Керемет өлең маған қатты ұнады Мұхтар аға сіздің жазған өлеңдеріңіз барлығына ұнады деп ойлаймын

Жандос

Керемет

Пікір қалдырыңыз

693 және 7 немесе Қазақстан жазушылар одағы

  • 0
  • 0

Адамға адам қасқыр болған,
Қасқыр азу тістілер «тақсыр» болған,
Ізгіліктің боз өкпесін нарық қысқан заманда,
Қазақстан Жазушылар одағы деп аталатын қоғамда

Толық

Отырар қамалы

  • 0
  • 1

Отырарым, бабам сенсің бас иетін,
Анам сенсің терең бүккен қасиетін.
Сенің даңқың - менің мәңгі мақтанышым,
Сенің қайғың - менің керең қасіретім.

Толық

Барселона әуежайындағы сұңқарлар

  • 1
  • 4

Бұл не өзі, әлде даңққа ғашықтық?
Талайлар жүр өлең-жырды кәсіп қып,
Десек-дағы іскерміз һәм батылмыз,
Біз солармен күресе алмай жатырмыз.

Толық

Қарап көріңіз