Өлең, жыр, ақындар

Достық өлкесінің заңы

  • kz2015
  • 12.05.2015
  • 2
  • 74
  • 88051
Икрам Төлеевке

Алдымызда қанша сауал тосылды,
Өмір бізді ерте үйірді биіне.
Сәби кезім.
Бірге ойнайтын досымды
Ертіп бардым нағашымның үйіне.
Сәбилік шақ!
Сүттей аппақ кезең бұл,
Аңғал, бейқам балбұлақтай сыңғырлы.
Досым "киіп көремін" деп әжемнің
Аңдаусызда көз әйнегін сындырды.
Енді қайттік, амал-айла азайып,
Құтылуға өткел іздеп тарықтық.
Досым менің ұяң еді ғажайып,
Әжем өте қатал еді, жарықтық.
- Бала мұнша бола ма екен мазасыз,
Қане, қайсың көзәйнекті сындырған? –
-деді әжеміз, - қалдырмаймын жазасыз,
Сындырған кім?
Алдыма кеп тұр жылдам
Енді қайттік, кім ұсынбақ көмегін?
Бұл қырсықтан құтқармақ боп досымды:
- Мен сындырдым, кешіріңіз... мен едім..
Дедім үнсіз төмен салып басымды.
Бір ерекше дүлей мінез тосып ек,
Шіркін, адам табиғаты-ай сан қырлы.
Қанша ашулы болғанымен осы рет
Әжем мені жазалаусыз қалдырды.
Лезде кайта көтеріліп еңсеміз,
Көңіліміздің айдынынан күн күлді.
Сол сәтте інім сыбыр етті:
"Сенбеңіз,
Көзәйнекті қонақ бала сындырды".
Әжем кенет ашу буып күйгелек,
Ашу буып аң-таң болып қалды да:
- Жүр бері, - деп құлағымнан сүйрелеп
Ертіп барды нағашымның алдына.
"Қой, бәйбіше, дау тудырма бекерге,-
Деп нағашым әңгімесін жалғады, -
Айып па екен, өзін беріп қатерге,
Ер жігіттің досын қорғап қалғаны.
Достық деген ізгіліктің алаңы,
Оған куә ғасырлар мен замандар.
Отанын да сатып кете алады
Қиын шақта досын сатқан адамдар!"



Пікірлер (74)

жасмина

маган бул олен катты катты унады.

ЖАНСАЯ

Өте керемет

Айша

Маған қнады өте керемет

Малика

Тамаша

Акниет

Тамаша өлең,әрі түсінікті жазылған.

Алтынай

Мен бұл тақпақты жарысқа жаттап жатырмын

Берекет

Алтынай кандай жарыс

Жансая

Мағанда ұнайды

Алуа

Керемет маган унады

Ахмет

Өте керемет əсіресе соңғы шумағы

Дариға

Жақсы,күшті

Дариға

Керемет күшті

осы өленді неше киіпкер

осы өленді неше киіпкер

Рома

Неше кейипкер

Айнаш

Жалқаулар өздерің есептесеңдерші

Диас

Керемет

Шұғыла

Досына көмегін берген адал дос
Оте жақсы жаттап жатырмын
(Уй жумысы) манынасы тереңірек екен

Диас

Керемет маган унады

Айгул

Керемет тақырып ұнады

Камила

Тамаша

асия

керемет әсер қалдырар өлең екен

Азиза

Керемет маган улкен ой салды ұнады

Зарина

Өте керемет. Түсінікті әрі мағынасы да мол. Маған ұнады.

Аибек

Күшті

004

Түсінікті бір оқысаң түсініп аласын

Мөлдір

Керемет жазылған.Түсінікті❤

Адам

Өте керемет рахмет сіздерге

Улман

Керемет

Дияна

Оте оте керемет
Маган катты унады

Ақерке

Керемет жазылған. Рахмет❤

Ақболат

Рахмет! Мағынасы өте терең. Маған көмектесті. Және бұл өлеңде 4 кейіпкер - Досы, Автор, нағашысы, әжесі

Фарида

Жақсы жазылған. Жаттап алу ғада оңай. Рақмет көп көп

серiк

Неше киiпкер

Аскар Айбота

өте керемет жазылған өте керемет әсер калдырды маған өте қатты ұнады және өте мағналы ????????????

Айнаш

Неге сұрақ белгісін жазасыңдар? өте мағналы ???????????? деп, мағналы болғанына күмән келтіріп сұрап жатқандай

Шынгыс

Шапалак. Магыналы олен екен!`!!!!!!!!!!!

Ақниет

Менің поэзияға келуіме түрткі болған өлең. мен өлең шығарып, 1-орын албым. Рахмет

Галия

Поэзияның патшалыгында өмір сүретін Мұхтар ағамызга мың тағзым

Бейбарыс

маган ұнады

АЙЖАРҚЫН

Өте керемет неге екенін білмеймін көзіме жас келді

Арайлым

өте тамаша

Жасулан

Керемет

Жасулан

Неше кейипкер бар

Ажар Тұрсынбек

Жаман емес маған М.Шаханов ұнамайды .негізі

Bot_Bala

Неге саған М.ШАХАНОВ ҰНАМАЙДЫ????
????????????????????( АЖАР ТҰРСЫНБЕК) НЕГЕ ҚАЗАҚ АҚЫНЫ!!!!!

Бауыржан

М. Шахановтай ақын әлемде аз! Қадірін білмейміз. Бүгінгі күннің Фирдоусиі, Омар Хайямы, Саади Ширазиі!

дарина

оте керемет нагыз дос деп осыны айт
маган оте катты унады к

Әлібек Нұржігіт

керемер олен

Олжас

Өте керемет❤Алланың нұры жаусын сіздерге ✊

жазира

оте керемет,магынасы жаксы

Алмира

Оте жаксы

Адия

өте керемет

Динара

өлең өте жақсы☺❤❤

Аиназ

Маган катты унады

Аиназ.

Тамаша

Данияр

керемет олен екен

Рамиля

Тамаша маған ұнады

аруна

өте кушті

Али

Өте мағыналы екен
Маған көмек керее
Егер сіз автордың орнында болсаныз оқиғаны қалай жазар едіңіз
Идея тастай аласыздар ма ?

Еркебұлан

Мұхтар Шаханов - феномен. Ол қазір басылды. Анығында басып тастады. Ал оның тілім деп, елім деп бекерге шырылдамағанына біздің көзіміз күнде жетіп жүр.

Дастан

Мұхтардай адам дүниеде аз. Қолдағы алтынның қадірін білмейміз. Супер мега адам.

Бағила

Бұл өлеңде неше кейіпкер бар?

Сабак окитын адам

Торт кейпкер болды го помойму

Алина

5 кейіпкер Автор,әжесі,інісі, нағашысы, досы.Осылар бар

Алиса

Осындай достықты бәрімізге бүйірсін

Даяна

Өте керемет. Маған ұнады жəне мағынасы терең, түсінікті. Осы өлеңді оқығанда тамаша бір əсер байқадым. Это просто фантастика

Аяулым ♥

Күшті өлен маған қатты ұнайды

Улбосын

Өте керемет маған унады❤️

Балнұр

Өте керемет

Диас

Өте керемет маған ұнады

Ұлжалғас

маған ұнады мағыналы күшти екен

Арайлым

Мұхтар Шахановтың Достық өлкесінің заңы өлең маған да қатты ұнады

Пікір қалдырыңыз

Мәңгүрттенбеу марсельезасы

  • 0
  • 4

Қазақ ұлты, мың сүрініп, мың жығылып, мың тұрған,
Даңқыңды ешкім бүркей алмас ізгілікке ұмтылған.
Жомарттығың сорға айналып, туып өскен жеріңде,
Ана тілің шетте қалды, орын жетпей төріңде.

Толық

Сұлулықты сезіну немесе Ғабиден Мұстафинмен қарттық жайлы әңгіме

  • 2
  • 0

Нар көңілдің жастығы ма,
Әлде оянған арман ба,
Жүз жасаған Жамбыл ақын кешегі,
О, керемет, Грузияға барғанда,

Толық

Арыс жағасында

  • 0
  • 1

Өзіңмен Арыстың
Бойында таныстым.
Жайнаған гүлдей құрбым сен,
Жағада тұрдың сен.

Толық

Қарап көріңіз