Өлең, жыр, ақындар

Біз, қазақтың екі ақыны, біргеміз

Олжас Сүлейменовке

Біз, қазақтың екі ақыны, әрқашанда біргеміз,
Түрлі сыпсың сөздерден де,
Ызғар шашқан көздерден де,
Заман мен заң өзгергенде,
Бүлінген жоқ іргеміз.
Бірімізді екіншіміз ылғи қолдап жүргеміз.
Біз, қазақтың екі ақыны, әрқашанда біргеміз.
Көзі тірі пайғамбар жоқ, даңқы шырқап өскенмен,
Пайғамбардың барлығы да өз жеріне кеш келген.
Бұлт құрсамай тұрар кезі өте сирек Айдың да,
Ал сен туған мекеніне терең тамыр жайдың да,
Айналдың зор айбынға,
Міне содан өрбіп жатыр бақытың да, қайғың да.
Алғаш рет сен қозғалдың ұлт намысы дегенде,
Халқымыздың ұлы рухын алып ұштың көп елге,
Баба түркі сөз төркінін ыждағатпен қопардың,
Семейдің зор қасіретін әйгіледің әлемге,
Сөйтіп Абай, Шәкәрімнің аруағынан бата алдың.
Мен Аралдың, Желтоқсанның мұң-зарына болысып,
Қыран таулы қырғыздардың ел ақыны атандым...
Ешкім бізді өгей ұлы дей алмайды Отанның.
Елден алған, жерден алған жырларының қуатын
Жолың болғай, ғасырының үні болған ұлы ақын!



Пікірлер (2)

Tolganai

керемет

Абат

Өз тілінде сөйлемейтін, өз тілінде ойламайтын ол- адам, Өз халқының патриоты бола алмайды ешқашан!

Пікір қалдырыңыз

Кешікпей келем деп ең

  • 0
  • 0

Аңсаған бақытым сияқтанып,
Ай туып келеді қияқтанып.
Жол жаққа қараймын,
Сен жоқсың, арайлым

Толық

Жароков көшесіндегі кездесу

  • 1
  • 6

Лаулата алмай бойдағы бар ұшқынды,
Жүрген кезім армандап алыс қырды.
Бірде мені Төлеген Айбергенов
Тарлан ақын Тайырмен таныстырды.

Толық

Қасқыр аулаушылар қулығы және саразбан сабағы

  • 0
  • 0

Есугей елесі
Мен әкеңмін. Есугеймін...
Қатал-дүлей тағдырының қасіретіне қамалған.
Мен әкеңмін...

Толық

Қарап көріңіз