Эссе және өлең-жыр байқауы

Алғыс айтып өтем саған

Рысбек Тұрысбековке

О бастан-ақ Мен Сен болғам,
Сен, әрине, Мен едің,
Екеуміз қос желкені едік достық атты кеменің.
Келер таңға қиял жалғап, сыр толғасып кей күн біз
Шын досы жоқ адамдарды аяу керек дейтінбіз.
Адал достық құдіретін ешбір сезім бөгемес,
Тіпті көзсіз махаббаттан оның даңқы кем емес.
Тірліктегі менің әрбір өрісім мен жеңісім
Ең негізгі қуаныш боп есептелді сен үшін.
Қалжыраған сәттерімде қайғы-мұңмен қағысып,
Пейіліңді қанат етіп,сен жетуші ең ап ұшып.
Енді бейнең алыс тартты қалың тұман ішінде,
Еш айырма болмап еді сөзің менен ісіңде.
Зор пенделік тарту күшін жеңе алғанын үшін де,
Саф адалдық ауасымен дем алғаның үшін де,
Маған шексіз және шетсіздене алғаның үшін де,
Алғыс айтып өтем саған өңім түгіл түсімде.

Басқа да өлеңдері

Нарынқұм зауалы

  • 0
  • 12

Мен түсімде зорлық көрдім, қорлық көрдім ғаламат,
Бір таныс қол соғып өтті әлдекімді паналап,
Зұлымдықтың жасырынып келетіні жаман-ақ.
Иығымнан ұшқан басым көкірегімнен домалап,

Толық

Арал қасіреті

  • 0
  • 0

Кемелер жүздірген шағылтып желкенін айға,
Тау толқын төсіңде тербелген ерке күн қайда?
Қайда сол дәуренің тағдырдан күш-қуат сезген,
Шағала көктемнің дүркіреп ұшты ма көзден?

Толық

693 және 7 немесе Қазақстан жазушылар одағы

  • 0
  • 0

Адамға адам қасқыр болған,
Қасқыр азу тістілер «тақсыр» болған,
Ізгіліктің боз өкпесін нарық қысқан заманда,
Қазақстан Жазушылар одағы деп аталатын қоғамда

Толық


Пікірлер (3)

Сая

Өте жақсы өлеңдер, мен сахнаға шығып мұхтар шаханов тың өлеңің айттым керемет мен бірінші орынға ие болдым

Сая

Жақсы

Дина

Шаханов ағамыздың "Алғыс айтып өтем саған"-өлеңі мен үшін ерекше❤

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...