Өлең, жыр, ақындар

Жұбайлар бар әңгімесі таусылған

  • kz2015
  • 13.05.2015
  • 2
  • 13
  • 64596
Тағдырыңды қатыгез де, сараң де,
Сен сүйгенмен, ол сүймесе - шараң не?
Махаббат ол — қос жүректің әні ғой,
Өзіне сай дауыс керек әр әнге.
Сүйіктім-ау,
Сәнсіз өмір мәнді ме?
Мәнсіз адам шырқай алмас әнді де.
Бәсеңдетпе,
Қарлықтырма дауысыңды,
Бақытсыз боп қалмау үшін мәңгіге.
Сүйіктім-ау,
Әнсіз өмір мәнді ме?
Ән түзелсе, түзейміз ғой сәнді де.
Жұбайлар бар әңгімесі таусылған,
Ал махаббат — таусылмайтын әңгіме!



Пікірлер (13)

manutd_nur

Ия...

Қымбат

Ол рас жақсы көрмей махаббатсыз үйлене салу бос əурешілік.Біздің əңгімеміз таусылған.Бір бірімізді жақтырмаймыз.Балаларымыз өсіп қалды.Ал ол əлі мені жекіріп тəрбиелегісі келеді.Жүрегім ауырып жүр.Мен одан қорқып өмір сүргім келмейді.Сыйласып сырласқым келеді...Бірақ оның əлемі басқа менітыңдағысы да келмейді.Мен шаршадым.

Арман

Өзіңе емес, өзіне

Тоня

Шынымен жолдасымыз екеумиздин арамызда ангиме жок. Бирге отырып анда-санда шай ишемиз, ол киносын кореди мен балаларыммен сойлесип отырамын.

Мерейлим

Ия, рас! Менин жолдасым казир командировкада. Мулдем звондамайды. Типти, бала-шагасынын хал-жагдайын да сурамайды. Бир апта бурын сойлесип,ренишимди айтып едим, неге конырау шалмайсын деп. Сондагы маган айтканы кунде кунде не звондаймын. Канымды ишпеши дегени. Бул биринши рет болган жагдай емес! Бирге тургым келмейди. Конилим калды ол кисиден. Ажыраскым келеди

Отбасы бақытының сыры

Үйдегі тыныштықтың, түсіністіктің ең негізгі қағидаларының бірі – сырттағы адамдармен қалай сыпайы және жақсы мәміледе болсақ, дәл сондай мәміленің жанұя ішінде де болуы! Сыйластық болған үйде бақ-береке де болады.

Ертеде бір жас жігіт отбасы ішінде қалай бақыт пен тыныштық орнатуға болатынын іздейді. Адамдар оған «Пәлен ауылда бір шал мен кемпір бар, білсе солар біледі бақытты тұрмыстың сырын, өйткені олардың ұрысқанын, бір-біріне дауыс көтергенін әлі ешкім көрген емес» дейді. Жас жігіт әлгі айтылған үйге барып, амандасып, хал-жағдай сұрасқаннан кейін үй иесіне келген себебін айтады. Қарт кісі дастархан басына қонақты жайғастырып отырғызады. Кемпірі дастарханға бір қауын әкеледі. Қарт кісі қауынға бір қарайды да, кемпіріне: «Бұл қауын онша піспегенге ұқсайды, ауыстырып әкелесің бе» дейді. Әйелі жарайды деп қауынды кері әкетіп, тағы бір қауын әкеледі. Күйеуі «Бұл да болмады, тағы басқасын көрші» дейді. Әйелі жарайды деп, тағы алып кетеді. Қарт кісі келген қонаққа: «Әйелім онша таңдай алмаса керек, кеттік бірге барып таңдап келейік», деп екеуі бірге ас үйге кіреді. Ас үйге кіргенінде бір ғана қауын тұрғанын көреді. Қарт кісі қонаққа қарап: «Отбасы бақытының сырын түсіндің бе» деп сұрайды. Жас жігіт «түсінбедім» деп жауаптайды. «Балам, үйде бір ғана қауын бар еді. Мен білетінмін біреу ғана екенін, менің білетінімді әйелім де біледі. Мен қауынды алып кетіп басқасын әкел дегенімде, жарайды деп әкетіп дәл соны қайта әкелді. “Ей, шал, сен алжығанбысың, үйде бір ғана қауын бар, не айтып тұрсың” демеді. Мен бір нәрсе айтқанымда әйелім қарсы шықпайды, дереу айтқанымды орындайды. Ол да бір нәрсе айтқанында мен де оның көңілін қалдырмаймын. Сол себепті ұрыс-керіс те болмайды. Отбасы бақытының сыры осы» дейді.

Жануя

Менiн жубайым менi тусiнгiсi келмейдi, дурыс сойлеспейдi, сырымен болiспейдi, озi бiлгенiн жасайды, достарыммен араластырмайды, жумыска шыгармайды. Осынын барi жаныма батып, журегiмдi ауыртады. Жар тандауда кателестiм бе деген сурак мазалайды

Майра

Мен оз жарымды оте жаксы коремын. Быр бырымызды суйып косылдык. Бырге турганымызга ширек гасырга жакындап калды. Бурын барлыгы да бырлесып шешылетын, акыл мен ортак ойдын натижесыне суйсыне куанатын кезендерге бай едык. Бугын сонын бары оз денгейынен айырылып, ешкымге акыл косуга жарамайтын онын омырындегы екыншы пландагы адамга айналгандаймын. Ыштей коп ойланамын, осырымнын маны кетып, ангымемыз таусыла ма деп ...

Айдана

Мен жолдасымды қатты қатты сүйемін! Мың рет қайталагым келеді оны суйетинимди, жолдасым да мени қатты сүйеді, мен оған сенимдимин! Бир себептермен қазір болекпиз, бірақ жанымыз бірге, алла косса міндетті түрде қайта косыламыз және енді мәңгі ажырамаска...Осы тилегимди оқыған барлық адамзат аумин денизши, алла бәрімізге риза болсын!

Аяна

Аумин

Дамира

Осында пікір қалдырған барша жандарға Санжар Керімбайдың Махаббаттың мəні деген кітабын оқыңыздар өкінбейсіздер дегім келеді. Қайдан табам десеңіздер менің телефоныма хабарласыңыздар. 1500теңге ғана тұрады.87015617705

Құраш

Менің жолдасым өзімнен 8-жас үлкен. Отасқанымызға 7-жыл уақыт болыпты. Бірақ мен оны ол мені сүймейтінін түсінгендейміз. Ерлі зайыпты болып әңгімеміз таусылғандай. Ойлайтынмын өзіннен үлкен жігітпен бас қоссам ол мені аялап жүреді деп,қателесіппін. Қазір ажырасып кетейін десем 3-баламыз бар... өкінішті

Сағынбай

Тамаша ән

Пікір қалдырыңыз

Эр Манастын элинде

  • 0
  • 0

Бабам менен бабаң дос болған,
Бул туугандык сан миң жылдап коштолгон.
Атам менен атаң дос болгон,
Коштошордо карегине жаш толгон.

Толық

"Өркениеттің адасуы" атты романнан Компьютербасты жарты адамдар

  • 0
  • 17

«Елге ұстаздық еткен қарттан алғыр, құйма құлақты,
Қонақтары сұрапты:
- Аға, неше балаңыз бар соңыңыздан самғаған?
- Бір жарым! - деп тіл қатыпты әлгі адам.

Толық

Жұбайлар жыры

  • 0
  • 0

Қуаныш пен бақыттан мүсіндеген,
Келбетіңнен сенімнің күшін көрем.
Сен сияқты мені ешкім еркелетіп,
Сен сияқты мені ешкім түсінбеген.

Толық

Қарап көріңіз