Өлең, жыр, ақындар

Ауылдың алды

Ауылдың алды айдын көл,
Айдын көлде шағала,
Айдын көлді жағала
Айнала қонған қалың ел.

Ауылдың алдын абайла,
Ауылдың алды ұлы көш,
Алдында өткел, оны кеш.
Аяңда, ауыл, аяңда!

Ауылдың алды айқын жол.
Аңқылдар ауыл, аңырмас.
Аңыртпай бастар бауырлас
Қозғалармыз қалың қол.

Ауылдың алды асқар тау,
Асқар таудан асармыз.
Асып жайлы жасармыз;
Ел ер жетіп есен-сау.



Пікірлер (7)

Мереке.

Жақсы.

Береке

Жоқ жақсы емес өте керемет,тамаша

МИРАС

ӨТЕ ЖАҚСЫ

Арыс кz

Күшті

Айару

Мен. осы. өлеңмен. жарысқа. қатыстым

Айша

Өте керемет өлең екен! Әрі оңай жатталатын.

Айша

Өте керемет өлең!

Пікір қалдырыңыз

Кеңес жалауы

  • 0
  • 0

Ұшқыр жыр,
Құстай ұмтыл,
Қанатын қақ!
Қақ, заула,

Толық

Сапарда

  • 0
  • 0

Төніп әуе,
Тұнып теңіз,
Қызықтырған басында,
Ыңсыз, желсіз,

Толық

Өмір бекер өтіпті

  • 0
  • 0

Өмірдің өрін өрмелеп,
Көңілдің өрін көрмеп ек.
Өткелінде кешіп ек.
Қайығында қалтылдап,

Толық

Қарап көріңіз