Өлең, жыр, ақындар

Бүркіт кегі (баллада)

I
Қыран бүркіт бір күні
Алып қызыл түлкіні,
Масаттанып қайтып ед,
Иесі бастап әңгіме
Жиналған жұрттын, бәріне
Жыр ғып кешке айтып ед.
Қасына кімдер ергенін,
Түлкіні қалай көргенін,
Өзекпен сұмның зытқанын,
Томағасын сыпырып,
Алғанда қыран құлпырып,
Шарықтап көкке шыққаңың.
Алдында түлкі көлденең,
Аспаннан бүркіт төмендеп,
Атқан оқтай аққанын.
Аңшының бәрі жарысып,
Келсе ақиық қарысып,
Түлкіні алып жатқанын.
Аттан түсе қалысып,
Айырып аңды алысып,
Мәз болып тұрған шақтарын.
Қызылдатып қыраның,
Өзі де басып құмарын-
Көк бұйраны атқанын.
Аң байлана ергендер,
Қызық көре келгендер,
Таласып жолға қалғанын.
Басында көрісіп,
Аяғында келісіп,
Бір ақсақал алғанын.
Пұшпақты ілген тұсына,
Қарап қояд құсына,
Еркелеткен жүзбенен.
Қалдырмай бәрін біріндеп,
Соғып отыр күлімдеп,
Мақтанышты сөзбенен.

II

Тұғырда сонда отырған,
Өсіп көңлі құлпырған
Ойға кетті ақиық.
Түсіп сол күн кешіне
Өткізген әмірі есіне,
Қайғымен бірге жабығып.
Қиын биік кияда,
Қиюлы тас ұяда
Отырғанда жас түлек,
Арқан салып алғаны,
Бір ноғайға барғаны
Мейірімсіз тас жүрек.
Ойлады қыран, ойлады,
Ой түбіне бойлады.
Қылмиып қарап жабыққа,
Ноғайдын, қалай алғанын,
Азапқа жанын салғанын
Зар қылып аспан - жарыққа
Аяқ бауменен кейітіп,
Жем де бермей жетілтіп,
Томағасын алмаған,
Асау жасты жасытып,
Ырғаққа үнем асылтып,
Ұйқысы бір қанбаған.
Айтқанға әбден көнетін,
Шақырса жемге келетін
Болған соң ақыры жас тағы
Жуасытып алған соң,
Пайдакүнем аздан соң,
Қазаққа кетті сатқалы.
Ноғай қарға барады,
Есет сатып алады.
Қыранды көріп бір күні.
Міне, бүгін сол Есет,
Соққан желдей ол есед,
Алдырып қызыл түлкіні.

III

Қызықпенен күн өтті,
Жемдеп Есет түлетті
Өз үйіне әкеліп.
Мұнда келіп көңлі өсті,
Ноғайды қайтып кермес-ті,
Бақты Есет мәпелеп.
Еркелетті ер Есет,
Болды қыран ересек
Қанаты қатып қайратты.
Сипады ол, сылады,
Бүркіт кеңлі тынады,
Көрмеді қайтып ырғақты.
Ac үстінде күнде Есет
(Бүйтуді ноғай білмес ед),
Бүркітті алып жүреді,
Қаяусыз енді көнігіп,
Иесіне елігіп,
Әкесіндей көреді.
Есетке еркін билетті,
Баулып Есет үйретті
Бабын тауып қайырып,
Алғыр құс әбден атанды
Алып түрлі жат аңды,
Кетті даңқы жайылып.
Қашпаса түлкі амал жоқ,
Қыранға мұнан заман жоқ,
Көрінсе бірақ алған-ды.
Аң алдынан құтылып
Кеткен емес сытылып,
Содан Есет малданды.
Есеттей дос болмас деп,
Баяғы ноғай оңбас деп,
Қозғалып бүркіт саңғыды.
Қүні бойы ат қаққан,
Естімен көп шапқан-
Көзін жұмып қалғыды.

IV

Қыранның даңқы алысқа,
Жат пен жақын, танысқа
Жайылып тегіс кетіп ед.
Көруге кімдер келмеді,
Біріне Есет бермеді,
Бәрі де көңіл етіп ед
Есеттің бір күн сорына
Баймырза келді жолыға
Елінің мықты төресі,
Жатты да келіп жабысты
Түрлі сөзбен шалысты,
Болып көп мал берісі.. «Жылқымнан тандап жүйрік
Берейін қосып тағы мал,
Бүркітіңді қи, - деді,
- Әдейі өзім келген соң,
Жақсы болмас бермесең...»
Есет сонда бүй деді: «Алдияр тақсыр, хан төрем,
Арызымды қабыл ал, төрем!
Бай емеспін, кедеймін,
Аз малымды алсаң да,
Күн көргішсіз қалсам да,
Бүркітімді бермеймін.
Тірідей қолдан щығарман,
He пәлеге шыдармын,
Рзалықпен көну жоқ,
Қинама, тақсыр, жанымды,
Ала бер шауып малымды,
Қыранды қолдан беру жоқ».
Зіркілдеді Баймырза: «Бұл неме өзі қай мырза?
Бетімнен менің алатын.
Сыйламасаң Бәкеңді...
Танытармын әкеңді...
Арсылдап итше қабатын.
He деп отыр, қарашы,
Иттің ғана баласы,
Қуарған кедей оңбаған!
Ұмытпа, бәлем, сөзіңді,
Жоғалтармын көзіңді,
He дедің жаңа сен маған?
Тұра тұр,- деп,- бәлем-ай!
Тамаққа да қарамай,
Баймырза кетті кектеніп,
Қандай сұмдық болар деп,
Бұл бір пәле салар деп,
Есет қалды сескеніп.

V
Шала ұйықтады ол күні,
Қайғылы болып көңілі
Есет сынды ер енді.
Ерте тұрса - қан сонар,
Аңшылыққа жан құмар-
Бүркітін алып жөнелді.
Қыран бүгін сымбатты,
Күйіне келген тым қатты,
Көрінсе қасқыр алатын.
Қоян-қолтық келмей-ақ,
Кезіккен әр жерден-ақ,
Жұлдыздай ағып баратын.
Ұмытты Есет қайғыны,
Болар деп пәле қай күні-
Кешеден басын даң қылған.
Есіл-дерті аң енді,
Көрінсе деп қап, енді,
Қазалы шіркін қаңғырған,
Көңліне желік енеді,
Шыдамай Есет келеді,
Жеткенше биік басына.
Бір уақытта тамаша...
Бұрылып Есет қараса,
Баймырза келед қасына.
Тегін емес - жанжалмен,
Салды бетке қанжармен,
Қансырап Есет құлады.
Қайтарып боп намысты,
Төре құсқа жабысты,
Таңырқап қыран тұрады.
Тастай беріп қаруды,
Аяқбаудан алуды
Баймырза ойлап келеді
«Мендік балдың, қыран»,- деп.
«Тау тағысын қырам»,- деп,
Жақындап жанай береді.
Есетке қыран бір қарап,
Екі көзі қанталап,
Баймырзаға төнеді.
Беттен бүріп алған соң,
Демі құрып аздан соң,
Тұншығып төре өледі.
Достың құны мұнымен,
Бітпегендей шынымен,
Армансыз бүркіт кек алды.
Кеудесін сөгіп төренің,
Суырып алып жүрегін,
Тамызбай қанын жеп алды.
Жан-жағына қаранды,
Көзін тігіп кадалды,
Есет жатыр жаны жоқ,
Өзгені көзі көрмеді,
Көрсе де көңіл бөлмеді,
Есетсіз қырдың сәні жоқ.
Азырақ қыран толғанып,
Қос қанатын қомданып,
Көтерілді қалықтап.
Есетті ұшып айнала
Жүріп біраз жай ғана,
Аспанға асты шарықтап...



Пікірлер (1)

Дильяна

Кай жылы баспадан шықты?

Пікір қалдырыңыз

Балдызға (Бірінші хат)

  • 0
  • 0

Сәлем жаздым балдызға
Осы ауылда кез келіп,
Қазақшылық ғұрпында
Бар ғой деп қақым жезделік.

Толық

Арманым

  • 1
  • 0

Зор арманым - жиһанды жүрмін кезе алмай,.
He бар, не жоқ - дүние халін сезе алмай.
Зейінім - ауыр, қолым - қысқа, жолым - тар.
Іздеген мұрат қолға тиіп тез алмай.

Толық

Шәкірт

  • 1
  • 1

Ай жарық, салқын ауа, күзгі түнде,
Ұйықтаған үлкен шаһар жатыр күйде.
Жалғыз-ақ тырыс шәкірт кітап ұстап,
Есінеп ояу отыр пәтер үйде.

Толық

Қарап көріңіз