Өлең, жыр, ақындар

Мың жұлдызы бар болса да...

  • kz2015
  • 19.05.2015
  • 2
  • 14
  • 56204
Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,
Бір жұлдыздан тұрады, махаббаттың аспаны.
Сол бір жұлдыз жанады, сол аспанды жарық қып,
Жарықта да түк көрмес ғашық болған жарықтық!
Сол жұлдызсыз белгілі, оның естен танары,
Маңдайда емес, жүректе –
Ғашықтардың жанары.
Сол жүрекпен қараймын, сол жұлдызға сүзіліп,
Шаңыраққа ілінді ол, көк аспаннан үзіліп.
Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,
Бір жұлдыздан тұрады шаңырақтың аспаны!



Пікірлер (14)

нургиса абиш

жақсы өлен

керемет олен

керемет олен

Мурзакенова Акбаян

Жақсы шығарылған өлең , керемет

Конысова Каракат

маган осы ақынның өлеңдері ұнайды оте керемет өлеңдер

Асел Қалдыбаева

өте жақсы өлең

Нұрғиса

күшті

Жасулан

Жаксыыыыыыыы

Жасулан

Салам казактар

медет

өте кремет

асема

өте өте күшті

Марта

Тамаша олен екен билим ал кз ракмет коп коп сиздерге

Пікір қалдырыңыз

Қазына

  • 0
  • 2

Америка ашқандай
Аштық талай өңірді.
Кедергісіз ешқандай
Қаздық қанша көмірді!

Толық

Бұлт

  • 0
  • 0

Жалбыр-жалбыр жүні ұзын
Жабағыдай
Жөңкіген бұлт көк жүзін
Жабады ұдай.

Толық

Кез болса да гүл түгіл, тас құрттаған

  • 0
  • 0

Кез болса да гүл түгіл, тас құрттаған,
Көкірегімді ешкімге бастыртпағам.
Қуанышы құлақтың — жылы лебіз,
Жылы лебіз,

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер